Камбарова А. А. Шеримова С. К «Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2019



бет4/21
Дата12.04.2023
өлшемі380,03 Kb.
#81861
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
лаб. биохим

ЗК4[Fе(CN)6] + 4ҒеСІ3 → Fе4[Fе(СN)6]3¯ + 12КСІ
калий феррицианиді берлин лазурі
Егер аскорбин қышқылы болмаса, калий феррицианиді мен хлорлы темір қоңырқай түсті ертінді береді.
В2 витамині
Пробиркаға 10 тамшы рибофлавиннің ерітіндісін тамызып, оған 5 тамшы концентрлі тұз қышқылы (НСl) мен бір түйір мырыш (Zn) салғанда сутегінің күшті түрде бөлінуі байқалады. Ерітінді алдымен қызғылт түске боялып, кейін түссізденеді. Бұл реакция бөлінген сутегімен рибофлавиннің алдымен қызғылт түсті родовлавинге (аралық қосылыс), кейін түссіз лейкофлавинге тотықсыздануына негізделген. Біраз тұрғаннан кейін ерітіндінің жоғары қабаты (кейін ерітінді толығымен) сары түске боялады, бұл лекофлавиннің ауадағы оттегімен тотығып, рибофлавинге айналуына байланысты.

Рибофланин Лейкофлавин
(тотыққан түрі, сары түсті) (тотықсызданғанан түрі, түссіз)
Қосымша нұсқаулар
1. Калий ферроцианиді ертіндісі жаңадан дайындалып, суықта қанығуы керек.
2. Үшхлорлы сурьма реакциясын жүргізгенде құрғақ пробиркаларды пайдалану қажет, ал пробиркалар ылғал болса, онда үшхлорлы сурьмадан сурьманың хлороксиді пайда болып, ол А витаминімен реакцияға түспейді.
3. «Витаминдер» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
1. Суда және майда еритін витаминдердің толық сипаттамасын бейнелейтін таблица-схема сызу.
2. Оқулық пен дәріс конспектілері бойынша «Витаминдер» тарауына дайындалу.
3-зертханалық жұмыс.
рН-тың амилаза ферментіне әсері
Жұмыстың мақсаты. Амилаза ферментінің рН-қа байланысты активтілігін анықтау жөне оның физика-химиялық касиеттерін зерттеу.
Әдістің принципі. Сілекейде крахмалды мына схема бойынша ыдырататын амилаза ферметі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет