Сіз әрдайым араласатын ортаңызды кеңейткіңіз келеді. Сол нәрсе сіздің өмірлік ұстанымыңыз. Сіз адамдарды біріктіріп, тартып бәрін бір топтың мүшесі қылсам дейсіз. Сонымен бірге тек шектеулі адамдармен араласатын топтармен араласқыңыз келмейді. Топқа барынша көп адам шақырғыңыз келеді. Сіз сырттағы адамдардың ішке сығалағанын жақтырмайсыз. Керісінше олардың өзін ішке тартсам дейсіз. Сіз өз тумысыңыздан ақкөңіл әрі сабырлы адамсыз. Сіз адамды ешқашан алаламайсыз. Сіз бәріміз бірміз деп білесіз. Сондықтан бәріміз бір топта болуымыз керек дейсіз.
Includer таланты бар жандар былай көрінеді: Н мырза: Бірде тойда шетте өзімен-өзі жүрген фотограф жігітті көрдім. Жаным ашып кетті. Сөйтіп қасымыздағы үстелге отыруға шақырдым. Негізі ол ақы алатын өз жұмысын істеп жүрген адам. Сонда да оны көріп бөлектеніп қалуына жол бере алмадым.
Includer таланты бар жандарға кеңес:
Әдетте сөзіне ешкім құлақ аса қоймайтын адамдардың пікірін жеткізуге қатысты қызмет атқарыңыз. Сіз сол адамдардың ойын жеткізуден ләззат аласыз.
Ұйым мен топқа жаңадан қосылған кісілерді басқа әріптестеріңізбен таныстырыңыз. Сіз
Includer (Тартушы)
бәрі өзін ұжымның құнды және маңызды мүшесі сезінгенінен ләззат аласыз.
Activator немесе Command таланты бар адамдармен серіктес болыңыз. Сонда біреудің көңіліне тиюі мүмкін жаңалықты айта аласыз.
Адамдар бір бірімен сіз арқылы араласатынын түсініңіз. Басқалар әрқайсының өзгешелігін бағалап, құрметтеуі керек екенін түсіндіріңіз. Ал Includer таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Топпен жұмыс істесеңіз бұл адамнан ұжымның бар мүшесі жұмысқа араласып жатыр ма екенін біле аласыз. Ол топтың еш бір мүшесі елеусіз қалмасын деп бәрін салады.
Егер көпшіл емес және тұйық болсаңыз Includer таланты бар адамның қасында жүріңіз.
INDIVIDUALIZATION (Жеке-дара қарай білу)
Сізге әр адамның жеке өзіне тән қасиеттері қызық. Сіз жалпылап айтқанды жақтырмайсыз өйткені әр адамның мінез-құлқы мен ерекшелігі жеке аталып өтуі керек дейсіз. Сіз адамдардың айырмашылығын байқағанды жақсы көресіз. Сіз іштей әр адамның стиліне, мотивациясы мен қарым-қатынасына айрықша мән бересіз. Сіз кез келген адамның өмірі өзгеше бір керемет хикая деп білесіз. Сондықтан болар сіз әрдайым туған күн иесіне сыйлықты дөп таңдайсыз. Өйткені кім нені ұнататынын жақсы білесіз. Сіз Individualization таланты арқылы керемет команда құра аласыз. Басқалар жақсы ұжымның құпия кодын іздеп жүргенде сіз керемет команданың құпиясы адамдарды дұрыс таңдау екенін білесіз. Individualization таланты бар жандар былай көрінеді: Н мырза: Мен әр адамға жеке дара қарай білемін. Кезекті подкастымды дайындаған кезде оған қандай сөз бен қандай тақырып қолданған абзал екенін бейсана түрде сеземін. Сондықтан әр адамның жүрегіне апарар жол таба аламын. Бірақ кейбіріне бұл қабілетім екіжүзділік секілді көрінуі мүмкін.
Дегенмен бұл да менің бір даралығым деп білемін.
Individualization (Жеке-дара қарай білу)