Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


Ал Empathy таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз



бет21/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Ал Empathy таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:

  • Мұндай адамнан ұйымыңыздағы адамдардың көңіл-күйін сұрағаныңыз абзал. Ол басқалардың сезімін бірден іліп алады.

  • Әрдайым оның қалын сұрап тұрыңыз. Олар үшін эмоция деректі заттай рас нәрсе.

  • Ол кімге не жетпейтінін біледі.

FOCUS (Зейін қою)


Сіз “мен қайда бара жатырмын?” деген сұрақты өзіңізге жиі қоясыз. Сіз бұл сұрақты күн сайын сұрайсыз. Сіздің Focus талантыңыз күшті болған соң, нақты айқын мақсатыңыз болуы керек. Ал егер ондай мақсатыңыз болмаса жұмыс пен өмірден тез шаршап кетесіз. Сондықтан сіз әр жыл, әр ай мен апта сайын адыңызға мақсат қоясыз. Сол мақсат сізге компас ретінде қызмет етеді. Соның арқасында бағытыңыздан адаспайсыз. Focus талантының арқасында қажет емес істен аулақ боласыз. Әр әрекетті мақсатыңызға сай немесе сай емес деп бағалайсыз. Мақсатыңызға жақындатпайтын әрекеттен арыласыз. Нәтижесінде зейініңіздің арқасында тиімдірек жұмыс істейсіз. Бірақ оның жаман жағы да бар. Сіз кез келген кедергі мен кідірісті қабылдамайтын боласыз. Сондықтан әр командаға ауадай қажет адамсыз. Басқалар көрші ауылда адасып жүргенде сіз оларды негізгі мақсатқа бағыттайсыз. Сіздің зейініңіз алға жылжуға көмектеспейтін нәрсенің бәрі бос екенін еске салады. Ал бос нәрсеге уақыт құртудың еш қажеті жоқ қой. Сіз белгіленген бағытта жүруге көмектесесіз.
Focus таланты бар жандар былай көрінеді:
Ш мырза: Мен әрдайым нақтылық талап етемін. Уақытқа, пікірге, жұмысқа және болашаққа қатысты нақтылық пен айқындық болса деймін. Көп нәрсені жалпы білгенше бір нәрсені нақты білген артық деп
Focus (Зейін қою)
білемін. Бір нәрсеге баға бер десе ол нәрсенің нақты қай жеріне баға беруім керек екенін нақтылап аламын. Жалпылама жақсы, болады деген жауапты бере салмаймын.
Focus таланты бар жандарға кеңес:

  • Мақсат қойғанда оның мерзімі мен өлшемін бекітіп отырыңыз. Сонда әрдайым аяқалысыңызды біліп жүресіз.

  • Тәуелсіз еңбек ететін қызметтерді іздеңіз. Сіз табиғи зейінді болғандықтан ешкімнің бақылауынсыз-ақ бағытыңыздан айнымай жүре аласыз.

  • Бір нәрсеге ден қойсаңыз уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалуыңыз мүмкін. Сіздің мақсатыңызға сай келмейтін жоба мен жұмыстан бас тарта біліңіз.

  • Focus талантын дұрыс қоландансаңыз керемет нәтижелерге қол жеткізе аласыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет