Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


Ойлауға қатысты таланттар (STRATEGIC THINKING)



бет41/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Ойлауға қатысты таланттар (STRATEGIC THINKING)
Сіздегі Analytical таланты кез келген нәрсені сын сүзгісінен өткізеді. Әр дерекке дәлел талап етеді. Сіз басқаларға қарсы шығайын деп шықпайсыз, бірақ әр пікірі дәлелді әрі орынды болса дейсіз. Дерек пен мәліметті жақсы көресіз. Бір заңдылық басқасына қалай ықпал ететінін білгіңіз келеді. Мәселенің түбіне жеткенше қазбалай бересіз. Басқалар сізді “қадалған жерінен қан алмай қоймайтын” адам деп ойлайды. Кейін олар өзі сіздің ақылыңызға жүгінеді. Бірақ талдауыңыз тым қатты болмасын. Әйтпесе адамдарда жеккөрінішті болып қалуыңыз бек мүмкін.
Сіз іздемпаз адамсыз. Бәрін біліп, ақпарат сіңіріп жүргенді жақсы көресіз. Сізге сол нәрсе ұнайды. Сіз көп білу үшін кітап оқисыз. Саяхат жақсы көресіз. Өйткені әр жаңа мекеннен тың әрі көп мәлімет ала аласыз. Содан ләззат аласыз. Кейін бір пайдаңызға жарап қалар деп ойлайсыз.

Сіз өткенге көз тастайсыз. Өйткені жауаптың бәрі сонда жатыр. Сіз бүгінді өткен арқылы түсінесіз. Сіз үшін дәл осы шақ тым ауыспалы. Тек өткенге көз жүгіртіп қана осы шақтың қарбаласынан дұрыс жол таба аламыз деп ойлайсыз. Бұрын бәрі оңайырақ болғандай. Өткенді еске алсаңыз бүгініңіз айқынырақ көрінеді. Context таланты тарихқа жан бітіреді. Содан бойыңызға қуат аласыз. Сіз өткеннің сабағына саралап жақсырақ шешім қабылдайсыз. Болашақты жақсырақ көресіз, өйткені оның өткендегі дәні қандай екенін білесіз. Жаңа адам мен жаңа жағдайға тап болғанда есіңізді жиюыңыз үшін біраз уақыт керек. Сіз кез келген істің басында айқын жоспар көруіңіз керек. Әйтпесе ол іске кірісе алмайсыз.
Сіз ойланғанды жақсы көресіз. Ой ісін жақсы көресіз. Сіз миыңызды “жаттықтырып”, “шынықтыруды” ұнатасыз. Бір мәселені шешу үшін, бір идея ойлап табу үшін және бір адамның сезімін түсінемін деп терең ойға батуыңыз мүмкін. Ал нақты қандай тақырыпқа терең ойланатыңыз басқа таланттарыңызға байланысты. Кейде бұл ойлардың нақты бір себебі болмауы да мүмкін. Сіз жалғыз отырып ойланғанды жақсы көресіз. Әрдайым ойға шомып кетесіз. Өзіңіз жайлы және өміріңіз жайлы көп ойланасыз. Сөйтіп көп ойдан көңіліңіз құлазуы да мүмкін.

Сіз болашақты болжағанды жақсы көретін адамсыз. Сіз болашаққа ғашықсыз. Сіз көз алдыңызға болашақты кино көргендей елестетесіз. Сол бейне сізді әрдайым алға, ертеңгі күнге жетелейді. Ал ол бейнеде не көретініңіз сіздің басқа мықты таланттарыңыз байланысты. Бірақ қайткенменде сол бейне шабыт береді. Сіз болашақ туралы бір қиялы бар арманшыл жансыз және сол қиялды бағалайсыз. Бүгініңіз көңіліңізге қаяу түсірсе, ал айналаңыздағы адамдар тым прагматикалы болса сіз болашақты көз алдыңызға елестетіп, содан қуат аласыз. Ол бейне айналаңыздағы адамдарға да қуат беруі мүмкін. Басқалар сіздің болашақты туралы қиялыңызға сеніп, ынталанады. Сондықтан өзіңіз көретін болашақты дұрыс сипаттай біліңіз.
Сіз үйренгенді жақсы көресіз. Нақты нені ұнататыныңыз басқа таланттарыңызға байланысты, десе де сіз кез келген нәрсені үйрену процесінен ләззат аласыз. Сізге сол процесс ұнайды. Ал нәтижесі мен мазмұны аса маңызды емес. Білімге және білуге деген ұмтылыс сізге қуат береді. Жаңа деректі білу, үйренгенді айту және өзіңіздің біліктілігіңізге деген сенімнің артқаны сізге шаттық сыйлайды. Сондықтан сіз дамушы ортада өзіңізді суда жүзген балықтай сезінесіз. Қысқа мерзімде көп нәрсе үйреніп кейін басқасына көшетін жобаларды жақсы көресіз. Learner таланты сіз бір салада сарапшы болады дегенді білдірмейді. Сізге әйтеуір үйренген және үйреткен процесі ұнайды.
Сіз стратегиялық ойлау тәсіліңіздің арқасында шиеленіске жол бермейсіз және ең оңтайлы тәсілді табасыз. Бұл үйреніп алатын қабілет емес. Бұл ерекше бір ойлау тәсілі. Осының арқасында басқалар күрделілік пен қиындық көретін жерде қарапайым заңдылықтарды тауып аласыз. Сол заңдылықтарды ескеріп бір оқиғаның он түрлі нұсқасын ой елегінен өткізесіз. Сіз тек мақсатыңызға жақындататын қадам жасайсыз. Сізге артық әрекеттің еш керегі жоқ. Сіз жолда кедергілері бар бағыттарды да алып тастайсыз. Қалың тұмандай бұлыңғыр болып тұрған жолмен жүрмейсіз. Сіз өз стратегияңызды қаруға айналдырып нақты қадам жасайсыз. Сіз ешнәрседен қаймықпайсыз. Бәрін істеп көруге дайынсыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет