Сіз өзіңізге сенімдісіз. Өз күшіңізге күмән келтірмейсіз. Тәуекел етуге, сынақтан өтуге дайын екеніңізді білесіз. Сіз тек өзіңізге емес, сонымен бірге өз пайымыңызға да имандай сенесіз. Сіз өзіңіздің өмірге деген көзқарасыңыз ерекше әрі өзгеше екенін білесіз. Сіз көріп тұрған дүниені ешкім көре алмаған соң сіздей дәл шешім шығара алмайды деп ойлайсыз. Олар тек көмектесе алады. Олар тек ұсыныс айта алады. Бірақ шешім шығарып, әрекетке кірісу туралы бұйрықты тек сіз бересіз. Сіз бұл жауапкершіліктен қорықпайсыз. Керісінше солай болуы заңды деп қабылдайсыз. Қайткенменде сіз қай шешім дұрыс екенін білесіз. Сол нәрсе сізге сенімділік сыйлайды. Сізге ықпал ету қиын. Сіздің сенімділігіңіз көзге ұрып тұрмаса да өте мықты. Сіз соның арқасында ешкімге елеңдемей өз ақиқатыңыз жолында қайтпай қайсарлық танытасыз.
Self-Assurance таланты бар жандар былай көрінеді: Ш мырза: Мен өзіме және өзімнің пайымыма әрдайым толық сенімдімін. Әрдайым өз шешімім дұрыс деп білемін. Кейде осы нәрседен опық жеп жатамын. Өйткені өзіме деген сенімділігімнің кесірінен ақиқатты ескермеуім мүмкін. Бірақ сонда да өзіме деген сенімділігім еш кемімейді.
Self-Assurance (Сенімділік)
Self-Assurance таланты бар жандарға кеңес:
Жаңа сынақтар іздеңіз. Сіз сізден көп шешім шығаруды талап ететін қызметте жетістікке жетесіз.
Басқаларды өз пікіріңіздің дұрыстығына көндіруді қажет ететін жұмыс та сіздің оң жанбасыңызға келеді.
Self-Assurance талантымен қоса Command немесе
Activator таланттары болса басқаларға орасан зор ықпал етесіз.
Сізге көшбасшылық, сауда, құқық пен кәсіп салалары жақсы келеді.
Өзіңізге деген сенімділігіңізді паш етіңіз. Сонда басқалардың да ашылуына көмектесуіңіз мүмкін.
Кейде сіздің сенімділігіңізді басқалар өзімшілдік деп қабылдайды. Олардың сөзіне құлақ аспайтындай көрінесіз. Сіздің сенімділігіңіз оларға деген сыйсыздық емес екенін түсіндіріңіз.
Strategic, Deliberative немесе Futuristic таланттары бар адаммен серіктес болыңыз. Сонда алға қойған мақсатыңызды дұрыс бағамдай аласыз. Әйтпесе абайсыз әрекет етіп қоюыңыз да ықтимал.
Сіздің ұзақ уақыт бойы қажырлы еңбек етуіңіз де осы талантыңыздың арқасында. Өйткені сіз өз жұмысыңызға имамдай сенесіз.
Сіз іс насырға шапса да батыл бола аласыз.
Аласапыран болып жатқан кезде салқын қан-
ды бола аласыз. Сөйтіп айналаңыздағы адамдарға қауіпсіздік пен жайлылық сезімін сыйлайсыз.
Алдыңызға үлкен мақсат қойыңыз. Басқаларға негізсіз әрі тым қиялы көрінетін нәрсені істеп көруден қорықпаңыз. Сіз өзіңізге деген сенімділігіңіздің арқасында ешкімнің ойы жетпейтін жетістіктерге жете аласыз.
Сізді басқаратын адам болуы шарт емес. Сіз өз бетіңізше шешім қабылдауыңыз керек жерде барынша тиімді боласыз. Ең бастысы осы талантыңызға сай оны тақымдай алатын құндылығыңыз болса болғаны.