Сіз үйренгенді жақсы көресіз. Нақты нені ұнататыныңыз басқа таланттарыңызға байланысты, десе де сіз кез келген нәрсені үйрену процесінен ләззат аласыз. Сізге сол процесс ұнайды. Ал нәтижесі мен мазмұны аса маңызды емес. Білімге және білуге деген ұмтылыс сізге қуат береді. Жаңа деректі білу, үйренгенді айту және өзіңіздің біліктілігіңізге деген сенімнің артқаны сізге шаттық сыйлайды. Сондықтан сіз дамушы ортада өзіңізді суда жүзген балықтай сезінесіз. Қысқа мерзімде көп нәрсе үйреніп кейін басқасына көшетін жобаларды жақсы көресіз. Learner таланты сіз бір салада сарапшы болады дегенді білдірмейді. Сізге әйтеуір үйренген және үйреткен процесі ұнайды.
Learner таланты бар жандар былай көрінеді: Д мырза: Маған үйрену процесі қатты ұнайды. Мен өзім коуч қызметін атқарамын. Тіпті қалай үйрену керек екенін де іштей сеземін. Мен үйреткенді де жақсы көремін. Бірақ ол үшін алдымдағы шәкірттің көзінен үйренуге деген от көруім керек. Мен өзім үйренсем де басқаға үйретсем де процестен ләззат аламын.
Learner таланты бар жандарға кеңес:
Үйренудің өзіңізге оңтайлы тәсілін табыңыз. Мәселен сіз үйрету арқылы үйренуіңіз мүмкін. Онда басқаларға үйрететін мүмкіндік іздеңіз.
Learner (Үйрену мен үйрету)
Ол болмаса оңаша ойлану арқылы үйренуіңіз мүмкін. Үйренудегі жетістігіңізді бағалай алатын бір өлшем бірлігін жасаңыз.
Өзгеріске дайын болыңыз. Адамдар үйренетін және өсетін жерде адал әрі өнімді қызмет етеді.
Өзіңіздің оқуға деген ықылысаңызды сыйлаңыз. Жыл сайын біліміңізді арттыруға немесе жаңа дүние үйренуге әдеттеніңіз.
Learner таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Мұндай адам қандай қызметте болса да үйренуге және көбірек білуге тырысады. Оған оқитын және мотивация алатын жаңа мүмкіндіктер жасаңыз.
Оның жетістігін бағалаңыз. Өзін шыңдайтын мүмкіндік беріңіз.