Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


Strategic таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз



бет36/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Strategic таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:

  • Бұл адамды жоспарлау процесіне қатыстырыңыз.

  • Одан әр түрлі жағдайда қайткен абзал екенін сұраңыз. Жауап бермес бұрын біраз ойлануына мұрша беріңіз. Ол ойында бірнеше нұсқаны жүргізіп көрмегенше пікірін айтпайды.

  • Өз салаңызға қатысты жақсы стратегия көрсеңіз алдымен осы кісінің пікірін біліңіз. Ол бәрін егжей-тегжейлі ойлап ең оңтайлы нұсқаны ұсынады.

WOO (Ашықтық)


Сіз жаңа адамдармен танысып, оларға ұнаудан ләззат аласыз. Бейтаныс адамдармен араласудан қорықпайсыз. Керісінше олармен танысқыңыз кеп тұрады. Олар жайлы көбірек білсем дейсіз. Кей адамдар әңгіме бастауға қысылады. Бірақ сіз ондай емессіз. Сізде әрдайым айтар әңгіме мен күлер қызық дайын тұрады. Адаммен танысып алған соң ары қарай жақындасқыңыз келе береді. Сіз жаңа адамдармен танысуға және білісуге құмарсыз. Сол нәрсе сізге шабыт сыйлайды.
Woo таланты бар жандар былай көрінеді:
Т мырза: Маған бейтаныс адамдармен сөйлескен ұнайды. Жиі ғашық болып қаламын. Басқаларға ұнауға тырысамын. Адамдармен тез араласып кетемін. Әңгіме үшін үлкен бір себепті қажет етпеймін. Адамдарды баурап, өзіме тартқан ұнайды. Бұл менің табиғи ашықтығым деп білемін.
Woo таланты бар жандарға кеңес:

  • Басқа адамдармен араласуды талап ететін жұмыс істеңіз. Таныс жинаңыз. Жергілікті ұйымдарға қосылыңыз.

  • Басқа адаммен араласқанды жақсы көретініңізді білдіріңіз.

  • Relator немесе Empathy таланты мықты адаммен серіктес болыңыз. Сол адам сіз бастаған қарым-қатынасты нығайтады.

  • Сіз ортаны жақсы қалыптастыра аласыз. Осы талантыңызды өз пайдаңызға жаратыңыз. Мәселен талантыңызды күшейту үшін кездесуден алдын адам туралы көбірек мағлұмат біліп барсаңыз болады.

Woo таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:

  • Бұл адамға күн сайын жаңа адаммен танысатын жағдай жасаңыз. Ол бейтаныстар адамдардың жаңа ортада қысылуына жол бермейді.

  • Ортаңызды кеңейткіңіз келсе Woo таланты мықты адамға қолқа салыңыз. Бұл кісі көп адаммен таныс болғанды жақсы көретінін түсініңіз. Сондықтан сізбен тез амандасып өте шықса ренжімеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет