Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


MAXIMIZER (Жетер жерін көру)



бет29/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
Талантыңды-таны

MAXIMIZER (Жетер жерін көру)


Сіз “болады” дегенге қанағаттанбайсыз. Сіз бәрі “керемет” болса дейсіз. Сіз “жай” нәрсені “керемет” деңгейіне көтеруден ләззат аласыз. Сол жолдағы еңбек әрдайым өзін ақтайды деп білесіз. Сіз өзіңіздің де, өзгенің де мықты тұсына қызығасыз. Табиғи шеберлік, бейімділік пен жүре келе үйренген машықтарына қарап қызығасыз. Соны жетер жеріне жеткізсем дейсіз. Оны дамыту сізге парыздай көрінеді. Сіз іштей мықты адамдарды және олардың мықты тұстарын іріктеп алғандықтан басқалар сізді таңдампаз деп ойлауы мүмкін. Сонымен бірге сіз өз талантын таныған және дамытқан адамдарға қызығасыз. Сіз өмір бойы жоқты бар етемін деп әуреленгіңіз келмейді. Оданша табиғат дәнін берген таланттарды барынша дамытсам дейсіз. Сонда өнімдірек әрі бақыттырақ боласыз.
Maximizer таланты бар жандар былай көрінеді:
Қ мырза. Өткенде бір кітаптың мұқабасын көрдім. Өте әдемі мұқаба еді. Былайша алып-қосар ештеңе жоқтай. Десе де мен ол кітапқа 3D эффект қосып суретін одан бетер тартымды етуге болатынын байқадым. Онымды авторға да айттым. Мен әрдайым әр істі кемеліне жеткізгім келеді. Басқалардан да соны талап етемін.
Maximizer (Жетер жерін көру)

Maximizer таланты бар жандарға кеңес:

  • Басқалардың жетістікке жетуіне көмектесетін қызметтерді іздеңіз. Мәселен коуч, басшы мен ұстаздық саласын байқап көре аласыз. Өйткені көбі мықты тұсын анықтай алмай дал болады. Сіз соларға өзінің мықты тұсын нақты сипаттап бере аласыз.

  • Өзіңіздің мықты тұстарыңызды анықтап алыңыз да оларды дамытуға ден қойыңыз.

  • Maximizer талантым бар екен деп дамыту мүмкін емес нәрсені дамытамын деп әлек болмаңыз.

Maximizer таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:

  • Мұндай адам бір нәрсені кемеліне жеткізсем дейді.

  • Біреудің немесе өзіңіздің мықты тұсыңызды білгіңіз келсе осындай адамның қасында көп жүріңіз. Сонымен бірге ол өзінің мықты тұсын да сіз байқаса екен дейді.

  • Керісінше кемшіл тұсына көп ден қойсаңыз көңілі құлазиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет