Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет



бет37/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Талантыңды-таны

КӨКЕЙДЕ ТУУ МҮМКІН

НЕГІЗГІ СҰРАҚТАР


Gallup StrengthsFinder тестін былай тапсырамыз:

  1. Google-ға Gallup StrengthsFinder деп жазасыз да сайтына өтесіз.

  2. Тесттің екі түрінің бірін таңдайсыз. Яғни толық және шектеулі нұсқасы бар. Толық нұсқа ($49,99) 34 талантыңыздың бәрін ретімен көрсетіп береді. Ал шектеулі нұсқасы ($19,99) тек ең үздік 5 талантыңызды көрсетеді.

  3. Сайтқа тіркелесіз және kaspi картаңызды тіркейсіз.

  4. Сізді 30-35 минут бойы ешкім мазаламайтын, алаңдатпайтын уақыт пен орын табыңыз. Ішіңізден шыққан бірінші жауапты таңдаңыз.

  5. Жалпы 177 сұрақ бар.

  6. Тестті орыс тілінде тапсыра аласыз.

  7. Тесттен кейін нәтижеңізді pdf форматында жүктеп ала аласыз.


Бұл менің нәтижем. Көріп тұрғандарыңыздай бірінші, екінші және үшінші орында тұрған таланттар адамға сенімділік береді. Соның кесірінен кейде айқын қауіптерді көрмей жатамын. Бәрі ұтылатын жерде өзім ұтамын деп ойлап біраз шығынға ұшырадым. Өйткені 9 көлік түскен құдыққа 10-шы көлік те түседі. Бұл таланттар қолдана білетін адамға күшті қару. Ал қолдана алмайтын адамға қасырет. Себебі өзіне сенімді боламын деп жүріп Аллаға сенбей қалып жатқандар баршылық. Кез келген таланттың міндеті сізді Алла жаратқан миссияға лайық ету екенін түсінген абзал. Сонда бұл тесттің жемісін молынан көресіз.
StrengthsFinder (Gallup) тестінің мақсаты сіздің жалпы болмысыңыз бен мінезіңізді сипаттау емес. Басты мақсат бір істі ұдайы мінсізге жақын дәрежеде орындай алатын мүмкіндік беру. Мықты тұсын дамытамын деген адам түсініп алуы қажет нәрселер бар. Ең алдымен мықты тұс деген өте кереметке жақын нәтижені ұдайы алу қабілеті екенін түсініңіз.
Сіз қандай талантыңызды қолданғаныңызды және олардың қайсы комбинациясы сапаға әсер еткенін анықтай алуыңыз керек. Сіз өзіңіздің бейімділіктеріңізді зерттеп сіздің мықты тұсыңызды құрайтын комбинацияларды анықтауыңыз қажет. Сонда ортаңқол сападан керемет сапаға секіре аласыз. Яғни егер сіздің негізгі талантыңыздың бірі “Input” болса сіз көп оқитыңызды, қызық дерек пен мақаланы жинауда еш қиналмайтыныңызды білуіңіз ықтимал.
Табиғатта 34 талант деген жоқ. Алла біріңді Learner ал біріңді Achiever етіп жараттым демеді. Біз мұнда талант деп адамның ең жиі қайталанатын ойлау, сезіну мен әрекет ету жүйесін айтып тұрмыз. Сондықтан кейбір жүйе күшті ал кейбір әлсіз.
Таланттарының реті тура сіздікіндей адам табылу ықтималы өте аз. Өйткені үздік 5 таланттың өзінде 33 000 000 түрлі комбинация болуы мүмкін. Ешқандай талант жеке дара пайдаға аспайтынын да ескеруіңіз қажет. Сондықтан әр талант қасындағы таланттарға байланысты түрленіп тұрады. Осылайша басқа қырынан ашылады. Төменде үзік бестіктегі бір таланттың өзгешелеігінің өзі қандай үлкен айырмашылыққа алып келетінін көрсетеміз. Яғни төрт үздік таланты бірдей адамдардың өзі мүлдем бірі-біріне ұқсамайтын мінез-құлық танытуы мүмкін екенін айтамыз. Мәселен Ideation таланты тұжырым мен идея құрастаруға деген махаббатты білдіреді. Ал Context бір нәрсенің неге нақты бұлай болғанын түсінуге деген іштей ұмтылыс. Бұл екеуі қосылғанда осы шақты түсіну үшін өткен шақтан тәлім алатын адам бейнесін құрайды. Мәселен Шоқан Уалиханов сияқты тарихқа қызыға отырып керемет тың дерек білді. Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырымен таныс еді. Жас ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған «Тоқтамыс ханның жарлығы мен басқа да хан жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің бірі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастайды. Ал енді Ideation талантын қалдырып Context талантын Futurustic талантымен алмастырайық. Сонда Ideation мен Futurustic қосындысы болашақта сұраныс болуы мүмкін ең үлкен қажеттіліктерді анықтай алатын адамды құрайды. Мұнда мысал етіп әр үйде компютер болатынын ондаған жыл бұрын білген Билл Гейтсті айта аламыз. Ал енді Futurustic таланты тұра берсін, бірақ Ideation талантының орнына Belief талантын қолданайық. Яғни Belief деп өмірін ең биік құндылықтарға сай құратын және басқалардың пайдасы үшін өмір сүру талантын айтамыз. Мұндай қос таланттың қосындысы да қияли адамның бейнесін береді. Десе де оның қиялы алдыңғы үлгіден ерекшеленеді. Өйткені ол жалпы адамзаттың болашағы жақсы болса екен деп тілейді және арман етеді. Оған арманның креатив әрі жаңашыл болуынан гөрі пайдалы болғаны қызық. Мұндай адамның ең үздік бейнесі деп Мартин Лютер Кингті айтсақ болады. Ол бүкіл нәсілге тең қараса деді, бәрі қол ұстасып бақытты ғұмыр кешсе деді. Ал енді Futurustic талантының орнына Relator талантын қойайық. Мұндай екі талант адамды көреген емес, пидакер етеді. Бұл адам шабыттанып сөз сөйлеп тұрмайды. Ол өзі көмектесетін адамдармен араласып, солардың арасында жүргісі келеді. Сондықтан әр таланттың қосындысы әр түрлі адам бейнесін құрайды. Мұнда бір таланттың өзі басқа талантпен қатар келгенде орасан зор рөл ойнайды. Сол себепті көп таланты бірдей болса да бір-біріне ұқсамайтын адамдар болуы заңды.
Көбі мұндай тұлғалық немесе тұлғаны тану тесттерінде көп қасиет бір-біріне қарама-қайшы деп ойлайды. Мәселен сіз не интроверт немесе экстраверт бола аласыз деп топшылайды. Яғни не өзімшіл боласыз не пидакер боласыз, не жуас боласыз не қайтпас боласыз. Көптеген тесттер бір қасиет басқасын жоққа шығарады деп болжайды. Демек сіз бірін таңдасаңыз басқасынан ада қаласыз деген сөз. Ал егер анығында бойыңызда екі қасиет те бар болса онда ондай тесттер жарамсыз болады. StrengthsFinder (Gallup) тестінде бірін-бірі жоққа шығаратын талант жоқ. Мәселен сізде Woo (Басқаларға ұнауға ұмтылу) мен Intellection (Оңаша қалып ойлануды қажет ететін адам) таланты бірдей мықты болуы мүмкін. Ондай адам шулы жерге барғысы келмейді, бірақ барған жағдайда мазасы қашпайды. Ол болмаса Harmony (қалай болса да келіспеушілік болдырмауға тырысу) мен Command (келіспеушілікке дайын болу) таланттары бірдей мықты келуі ықтимал. Сондықтан бір талант басқасын жоққа шығарады деп қате пайым.
Бұл тест сіздің сұрақтарға жауап беру барысындағы сезіну, ойлау және әрекет ету моделіңіздің бір жүйесін шығарады. Сондықтан жеке таланттарды өзгерте алмайсыз. Қанша қаласаңыз да бұл бейімділіктерді өзгерте алмайсыз. Ең мықты бес талантыңыз өзгермесе де сіз жаңа біліп игеріп, жаңа машық үйрене аласыз. Сондықтан бұл нәрсені өзіңізді ақтау мен шектеудің амалы етпеңіз.
Осал тұсқа қатты қадалып қалудың қажеті жоқ екен деп оны мүлдем елемей кетпеңіз. Сіз мықты тұсыңызға ден қоя отырып осал тұсыңызды да бағуыңыз керек.
Мықты тұсын дамытамын деген бірнеше нәрсені білуі керек. Ең алдымен мықты тұсты қолдана өмір сүрудің сыры кереметке жақын нәтижені қайта-қайта бере алу. Сіз жоғары дәрежелі маман болуыңыз керек. Ал ол нәрсеге қол жеткізу үшін тек талант аздық етеді. Бәрі тәжірибе мен білімнің арқасында келеді. Сондықтан әрдайым өзіңіз бен қабілеттеріңізді шыңдаңыз.
Көбіңізге мамандығымды дұрыс таңдадым ба деген ойлар тыным бермесі анық. Бұл мәселеде мына екі нәрсенің басын ашып алған абзал. Бірінші мәселе салаңызды (денсаулық, білім беру, техника, сән және сол секілді) дұрыс таңдадыңыз ба деген сұраққа жауап. Ал екінші мәселе сол сала ішіндегі мамандықты (сауда агенті, басшы, әкімші, жазушы, дизайнер, консультант, сарапшы) дұрыс таңдадыңыз ба деген сұраққа жауап. Ал егер сіз саланы дұрыс таңдап мамандық таңдауға қателессеңіз тауарын сүймейтін сатушыға, уағызына сенбейтін имамға айналасыз.
Кейбір мамандықта жетістікке жеткен адамдардың бірнеше ортақ мамандығы бар. Мәселен Adaptability таланты үздік бестікке кіретін кісілер өте журналист болады екен. Мәселен күн сайын түрлі жерде түрлі нәрсеге куә болатын жұмыс үшін Adaptability таланты мықты адам керек. Олар тосынсыйды жақсы көреді. Ал көптеген мұғалімде Developer, Empathy, Individualization таланттары мықты. Олар сол арқылы оқушыны түсініп, оны дұрыс дамыта алады. Десе тек осы таланттар болса ғана мұғалім бола аламын деген ойға түсіп қалмаңыз. Өйткені кез келген талант пен кез келген мамандықта өзіңізше керемет қызмет ете аласыз. Сонымен қатар көптеген мықты кәсіпкердің бойында Competition, Analitic, Strategic, Ideation мен Futuristic таланты үздік бестікте бар. Бірақ Empathy, Developer, Restorative, Context пен Consistency таланттарының комбинациясымен де кәсіпте жетістікке жеткен кісілер бар. Олар өз жұмысын бойындағы талантына қарай ыңғайлаған. Сіз кәсіп бастарда қасыңызға сізде жоқ таланттарды толықтыратын адам тапқаныңыз жөн. Сонда бір-біріңіздің осал тұсыңызды көтеріп, мінсіз жұмыс істейтін ұжымға айнала аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет