Self-Assurance таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Егер бұл кісімен бір жерде жұмыс істесеңіз оған еркіндік беріңіз. Ол өзін жетелеп жүретін адамға мұқтаж емес және оны жақтырмайды. Ол бәрін өзім басқарып отырмын деп ойлаған кезде барынша тиімді жұмыс істейді.
Оның сенімділігі пайдалы болса да кейде артық кетіп, қателескен жерін бірден атап айтып отырыңыз. Адаспауы үшін бірден сіздің кері байланысыңызға зәру болуы мүмкін.
SIGNIFICANCE (Елеулілік)
Сіз басқалардың алдында маңызды әрі елеулі болсам деймін. Сіз өзіңізді елеп, ескергенін қалайсыз. Сөзіңізге құлақ асса дейсіз. Ерекшеленіп көрінгіңіз келеді. Сізді таныса дейсіз. Сіздің ерекше мықты тұстарыңызды білсе дейсіз. Сіз сізді сенімді, кәсіби және табысты адам деп білгенін қалайсыз. Сонымен бірге тек сондай адамдармен араласқыңыз келеді. Ал егер айналаңыздағы адамдар ондай болмаса оларды сондай болуға итермелейсіз. Әйтпесе олармен араласуды доғарасыз. Сіз табиғатыңыздан тәуелсіз болып жаралғансыз. Сондықтан қызметіңізде еркіндік болса дейсіз. Сіздің осындай ұмтылысыңыз әрдайым көрініп тұрады. Өміріңіз әрдайым мақсатты және жетістікке толы. Сіз әрдайым бір нәрсеге ұмтылып отырасыз. Соның арқасында ешқашан дамыл тауып отыра алмайсыз. Significance таланты бар жандар былай көрінеді: Н мырза: Маған еңбегімнің бағаланғаны маңызды. Ел алдына шығып сөз сөйлегім келеді. Тіпті құры марапаттама болса да алсам деймін. Өйткені ол менің еңбегім лайық бағасы деп білемін. Мені құрметтеп, сыйласа өтірік болсын араласуға дайынмын. Мен өзімнің осал тұсымды көрсеткім келмейді. Әрдайым жұрт көзінде мықты әрі сыйлы болсам деймін.
Significance таланты бар жандарға кеңес:
Өз міндетіңіз бен мақсатыңызды өзіңіз қоя алатын қызметтерді таңдаңыз. Сіз еркіндіктен ләззат аласыз.
Сіз үшін абыройыңыз өте маңызды. Сондықтан оны ертеден мінсіз қалыптастырыңыз.
Өнімділікке ден қойып еңбек етіңіз. Сонда қалауыңызды өтейтін нәтижеге жетесіз.
Маңызды үлкен жобаларды басқарғанда бар өнеріңізді паш ете аласыз. Сіз көп нәрсені бәске тіккенде керемет нәтижеге қол жеткізесіз.
Өзіңізге керек атақ пен лауазымның тізімін жасаңыз. Соған қарап өзіңізді іске ынталандырыңыз. Бірақ сәтсіздікке ұшырауыңыз да ықтимал екенін мойындаңыз.
Сіз үшін маңызды адамдарға ұнауға тырысуыңыздың еш әбестігі жоқ. Десе де әрдайым бәрі мені ұнатсын деп бекер уақыт жоғалтып алмаңыз.