Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


Individualization таланты бар жандарға кеңес



бет26/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Байланысты:
Талантыңды-таны

Individualization таланты бар жандарға кеңес:

  • Талантыңызға сай қызмет таңдаңыз. Мәселен кеңесші, үйретуші және жазушы салаларын байқап көре аласыз.

  • Әр адамнан ерекше тұлғаны көре алатыныңыз айрықша дарын. Сондықтан басқаларға көмектесіңіз, оларды бағыттаушы болыңыз. Ал Individualization таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:

  • Біреуді түсіне алмасаңыз осы кісіге қолқа салыңыз. Ол сізге олардың ойында не барын айта алады.

  • Жұмыстағы мәселелерді осы адаммен талқылаңыз.

  • Жаңа қызметке адам іздесеңіз де осы адам сізге көмекші болады. Өйткені ол кім қай жерде барынша тиімді екенін біледі.

INPUT (Сіңіруші)


Сіз іздемпаз адамсыз. Бәрін біліп, ақпарат сіңіріп жүргенді жақсы көресіз. Сізге сол нәрсе ұнайды. Сіз көп білу үшін кітап оқисыз. Саяхат жақсы көресіз. Өйткені әр жаңа мекеннен тың әрі көп мәлімет ала аласыз. Содан ләззат аласыз. Кейін бір пайдаңызға жарап қалар деп ойлайсыз.
Input таланты бар жандар былай көрінеді:
Ә мырза: Маған үнемі бір ақпарат қабылдап отыру маңызды. Семинар, трениңге барғанда қағаз қаламымды тастамаймын. Әрдайым ақпарат сіңіріп, жаңа нәрсе біліп жүремін. Әйтпесе өзімді жайсыз сезінемін.
Input таланты бар жандарға кеңес:

  • Жаңа ақпарат пен мәлімет алуға қатысты қызмет іздеңіз. Мәселен оқыту, зерттеу және журналистика салаларын байқап көре аласыз.

  • Мәліметті сақтайтын және оны оңай табатын жүйе ойлап шығарыңыз.

  • Focus немесе Discipline таланттары мықты адаммен серіктес болыңыз. Сонда ізденімпаздыққа салынып жолыңыздан адасып кетпейсіз. Өзіңізге қажет ақпаратқа қана зейін қоясыз. ¡ Сіз ақпаратты талдамай жұта беруге бейімсіз. Бірақ шығармастан жинай беретін болсаңыз қиналып қаласыз. Сондықтан өзіңіз жақсы білетін салада сарапшылық етуден қорықпаңыз.

Input (Сіңіруші)

Сөздік қорыңызды кеңейтіңіз. Кітап көп оқыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет