Ал Input таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Мұндай адамды соңғы жаңалықтардан хабардар етіп отырыңыз.
Жиналыста бұл адамнан міндетті түрде мәлімет сұраңыз. Оның білімін пайдаланыңыз.
INTELLECTION (Ойлау)
Сіз ойланғанды жақсы көресіз. Ой ісін жақсы көресіз. Сіз миыңызды “жаттықтырып”, “шынықтыруды” ұнатасыз. Бір мәселені шешу үшін, бір идея ойлап табу үшін және бір адамның сезімін түсінемін деп терең ойға батуыңыз мүмкін. Ал нақты қандай тақырыпқа терең ойланатыңыз басқа таланттарыңызға байланысты. Кейде бұл ойлардың нақты бір себебі болмауы да мүмкін. Сіз жалғыз отырып ойланғанды жақсы көресіз. Әрдайым ойға шомып кетесіз. Өзіңіз жайлы және өміріңіз жайлы көп ойланасыз. Сөйтіп көп ойдан көңіліңіз құлазуы да мүмкін.
Intellection таланты бар жандар былай көрінеді: И мырза: Мен өзіммен өзім қалып ойланғанды жақсы көремін. Мәселен той-томалаққа барған ұнамайды. Кешкі уақытта серуендеп, терең ойға шомған кездерден ләззат аламын. Бос әңгіме жаныма жүк салады. Әрдайым мәнді және ойлы нәрсе айтсақ деймін.
Intellection таланты бар жандарға кеңес:
Пәлсапа, көркем әдебиет пен психологияны зерттеңіз, оқыңыз. Сіз әрдайым ой қозғайтын жаңа дүниелерге асықсыз.
Ойларыңызды күнделікке жазып жүріңіз.
Өзіңіз “ойшыл” деп ойлайтын адамдармен араласаңыз.
Intellection (Ойлау)
Сіз ойға шомғанда айналадағы адамдар басқаша түсініп қалуы мүмкін.
Өзіңіз отырып ойланатын уақыт айырып қойыңыз.
Сізді “біртүрлі” деп ойлайтын адамдар болатынын ескеріңіз.
Ал Intellection таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Бұл адаммен ойласудан қорықпаңыз. Ол мұны өзіне деген құрмет деп қабылдаса керек.
Ол оқығанды жақсы көреді. Сондықтан оқуға тұрарлық дүние көрсеңіз оған да ұсынуды ұмытпаңыз.