Катон-Верстка-01. indd


Берел – елді мекен, Үлкенберел



Pdf көрінісі
бет11/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

Берел – елді мекен, Үлкенберел - қорған, 
КішіберелАқберел – өзен, Берел - қорғандары, Берел обасы – 
обалар, 
Берел жазығы – жазық, Патшалар жазығыБерел қорық 
мұражайы т.б. Ұлттың екі жарым мың жыл бойы сақталған мол мұрасы 
топонимдерде көрініс табуы - топоним өз бойында ұлттық негіздегі 
этномәдени ақпаратты бойында сақтау қасиетімен де ерекшеленгендігі. 
Көккөл кеніші негізінен вольфрам концентратын өндірген. 1938 
жылдан 1954 жылға дейін вольфрам алынған кен орыны. Қазіргі күні 
тау-кен қазба орыны ескерткіштерінің бірі ретінде Катонқарағай 
ұлттық паркінің қарамағында. Көккөл кен орыны Мұзтауға және 
Көккөл сарқырымасына жақын орналасқандықтан, туристердің жиі 
барып тамашалайтын орыны да. Халық аузында жиі айтылатын 
құпияға, аңызға толы Көккөл өңірі топонимдерге де бай. Атап айтқанда, 
Үлкенкөккөл- кен орыныКөккөл – кеніш; Көккөл – көл. Көккөл – 
тау. Көлдің суы таза әрі терең болғандықтан көк түсті болады; Көккөл 
–ескі шахта; Үлкендер бала күнімізде Көккөл жайында құпия әңгіме 
ретінде көп айтушы еді. Үлкендер жағы ондайда әзіл-күлкіні тыя 
қойып, өзгеше салмақтана қалысатын. Сосын сараң бастап, сыздана 
сөз қозғайтын. Көккөлдегі кен қазу анау айтқандай құпия да болмаған 
сыңайлы. Бірақ біздің ағайындар Көккөлдің атын естісе көңілдеріне 
алаң бітіп, көп жағдайда тура жауаптан жалтарыса беретін[11,10б]; 
Көккөл – көпір. Мінеки, алпыс жылдан асты, асау Ақбұлқақ жүз 
рет тасып, жұз басылды, басқа көпірдің талайын шайып қиратса 
да, Көккөл көпірі міз бағар емес; 
Көккөл - тау. Ол кезде Көккөлде 
вольфрам дейтін қымбат металл өндірілетін. Нар түйенің өркешіндей 
шошайған жұмыр таудың әр тұсында шұрық-тесік үңгірлер бар еді. Ол 
үңгірлерді «штольня» десетін. Жұмысшы-шахтерлер сол штольняларға 
бойлай кіріп, қайламен күн демей, түн демей қара терге түсіп кен 
қазатын. Соңынан, қазған кендерін қапқа тиеп, атқа өңгеріп етекке 
тасысатын[12,227б.]; Жергілікті жер тұрғындарының Көккөл жайлы 
әңгімесі ерекше ілтипатпен, құпиялылығын сақтай отырып, тұшына 
сөз қозғайтын тақырыптарының бірі. 


18
Мұзтау - Алтай тауларының ең биік нүктесі (4506м), Қазақстан мен 
Ресейдің шекарасында орналасқан. Мұзтаудың басы мен етегі мәңгі 
қар, алуан түрлі мұздықтар, мұздықтардың жалпы көлемі 70 шаршы 
километрді қамтып жатыр. Мұзтаудың төңірегінде 162 мұздық бар [11, 
155 б.]. Мұзтау Қатын таулар тізбегінде орналасқан. Мұзтау – Алтай 
тауларының ең биік шыңы. Мұзтау тауы екі биіктіктен тұрады: Шығыс 
Мұзтау (4506 м.) және Батыс Мұзтау (4435 м.). Солтүстікке – Аккем 
мұздығына қарай күрт аяқталады және оңтүстікке - Катун мұздығына 
біртіндеп төмендейді. Мұзтаудың бірнеше атауы бар. Алтайдың 
байырғы тұрғындары оны Уч-Сумер (Үш Сүмер) деп таниды. «Үш» 
сөзі түсінікті болса, «Сүмер» деген моңғол тілінде, буддизмдегі «Меру» 
- «Киелі тау» деген мағынаны береді. Яғни «Үш Сүмер» - «Үш басты 
киелі тау» деген атаудан шыққан. Кезінде Алтайдың екі жағын қатар 
қоныстанған елдердің арасындағы маңызды сауда-экономикалық рөл 
атқарған Үкек жазығынан қарағанда Мұзтаудың әппақ тәж киген үш 
басы анық көрінеді. Мұзтаудың екінші атауы «Қатын Бажы». «Қатын» 
сөзі ертедегі түркілер тілінде «Ханшайым, жоғары тектен шыққан әйел» 
деген мағына берген. Ал «Бажы» кейіннен трансформацияға ұшыраған 
«Басы», яғни «Бас» немесе «Шың» сөздеріне келеді. «Қатын Бажы» сөзі 
қазіргі тілмен айтқанда «Әппақ тәж киген Ханшайым» мағынасына 
ие[13]. Мұзтауда атмосфера қабаты аса жұқа. Космостық энергияның 
қуаты сондай, жыл беделінде Мұзтаудың басы небәрі 14 күн ғана ашық 
тұрады. Қалған уақытта жағаға соққан судың иіріміндей бұлт тұмшалап, 
шыр көбелек айналып жатқаны[11,15б.]. Ел ішінде Мұзтауды алыстан 
болса да көрген адам бақытты өмір сүреді деген түсінік те бар. Мұзтауды 
көрген адам оған иіліп сәлем беруді ұмытпауы тиіс. Қойнауы аңыз бен 
тарихқа толы Мұзтау киелі орындардың бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет