Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет10/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

Ақшоқы 
қыстағы – шоқы түсіне байланысты, Алтын қазған жайлауы - алтыны 
бар өзен. Кезінде байлар өзеннен алтын сүзіп отырған[8].
Қ.Қ Рысберген «Ұлттық ономастиканың лингвокогнитивтік 
негіздері» тақырыбындағы еңбегінде топоним бойында жинақталатын 
ақпаратты бірнеше түрге бөледі: мекенжайлық, тілдік, этномәдени, 
ғылыми, тарихи-деректік, лингвоәлеуметтік ақпарат. Ұлттық болмыс, 
дүниетаным, салт дәстүрдің кумулятивті жинақталуы нәтижесінде 
қонысты, жұртты, жайлау, күзеу, қыстау ерекшелігін дәлдікпен бере 
алғандықтан да тарихи атаулар этномәдени ақпаратты жинақтағанымен 
құнды. Мақала барысында 
этномәдени ақпарат уәжіне баса назар 
аудармақпыз. Е.В. Березович топонимде болатын этномәдени ақпараттың 
түрлі нұсқалары және айырмашылықтары болатынын атап өтеді: «...аңыз 
бен салт-дәстүрлік әрекеттер жүйесі мен мен топонимнің ішкі формасы 
арасында тікелей байланыс байқалады: атау локустың сиқырлы-ғажайып 
ұғымдарымен уәжделген»[9,36б.].Этномәдени ақпарат жинақтаған 
атаулар қатарына: 
Берел, Көккөл, Қаракөл, Мұзтау т.б. топонимдерін 
жатқызуға болады. 
Дүние жүзіне танымал Берел қорғандарын қазу барысында табылған 
заттардың 2,5 мың жылдық тарихы барын ғалымдар анықтаған-ды. 
Берел қорғандарынан табылған артефактілер: 1. әртүрлі әшекей 
салынған ат әбзелдері, ер тоқым қаралып отырған уақыттарда гректерде, 
ассирийліктерде, парсыларда болмаған; 2. № 11 қорғаннан табылған 
адам мүрдесіне медициналық сараптама жасағанда, ер адамның басына 
нейрохирургиялық ота жасалғанын әрі өз заманында медицинаның 
жоғары деңгейде дамығанын көреміз; 3. мүрделердің денесі сынап 
қолданыла отырып бальзамдалған, яғни химия мен ғылымның даму 
деңгейінің де жоғары екенін көруге болады; 4. ағашқа, теріге, киізге, 
металлға салынған суреттер, әшекейлер скифтік-сібірлік аңшылық 
стильде орындалған; 5. мал шаруашылығы және қолөнер кәсібі жоғары 
деңгейде дамығанын көреміз; 6. аймақта он екі ру мекендегенінен де 
хабардар болуға болады; 7. Берел қорғандарынан табылған заттардың 
ең маңыздысы, қайталанбас туынды - ту, туда күшті деген аңдардың 
образы бейнеленген. Негізгісі – бүркіт басты, денесі арыстан тектес – 
грифон, ол Берел патшасының туы. Бұйымдар ағаштан жасалып, үстінен 
әшекейленген алтынмен қапталған. Синкретті грифон образы (құс-
грифон, жылқы-грифон) адам санасына қорқыныш ұялататын жыртқыш 


17
деген аңдардың жиынтық бейнесі. Патша грифоны алтын қорушы, 
тек қана алтын қорушы ғана емес, сонымен қатар адамға күш және 
қуат беретін патшаларға айырықша дәреже беретін символдық мәндегі 
образ[10,7б.]. Қорғандардан табылған жоғары деңгейде жасалған 
бұйымдар негізінде Берел ескерткіштері ғылыми әлемде дүниежүзіне 
танымал болды. Ал аңызға толы Берел өлкесінің топонимдерде көрініс 
табуы заңды. Атап айтқанда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет