ҚАНСУ – өзен, Жамбыл а.о. Кісі есіміне байланысты қойылған
атау болса керек [120].
ҚАНТӨБЕ – тау, Өрел а.о. Төбе басында қанды жағдай көп болатын
жер болғандықтан қойылған атау. М.: Қантөбе бүкіл Алтайдың барометрі, – деді Сиғат бетін желдің өтіне тосып [171,68б.].
ҚАҢЫЛТЫР – жайлау, Катонқарағай а.о. Жайлаудың бір бөлігі,
беткей. Беткейге күн түскен кезде, қаңылтырдай қақтап жіберетін ыстық
болатындықтан қойылған атау. М.: Мәметек жайлауында орналасқан [157].
ҚАПСЫМ – жайлау, Ақсу а.о., Жердің ерекшелігіне байланысты
қойылған атау. М.1. Қап / қапы – диалек. таудың арасындағы ояң жер[ 31, 414 б.]. - сым
– қосымша. М.: Ертеректе Қапсымда ағаш дайындап Ақсуға ағызған [93].
ҚАПСЫМ – жайлау. Антропотопоним. М.: Құрғақшылық жылдары шабындық ретінде пайдаланылады. Қалың орман[99].
ҚАПТАЛ – ж.а., Жамбыл а.о. Таудың екі жақ қия беті мағынасында
қолданылады[120].
ҚАПШАЛ – өзен, Өрел а.о. Асау, долы өзен болғандықтан қойылған
атау. М.: Қапшал – бастауын мұздықтан алып Катунға қосылып жатқан көбік шашқан долы өзен екен [7,153б.].
ҚАРААЛА – сай, Өрел а.о. Жердің түсіне байланысты қойылған
атау. Қара және ала сөздерінің тіркесуі арқылы жасалған[154].
ҚАРАҚАБА – өзен, Катонқарағай а.о. Өзен суында қара балықтар
кездесетіндіктен қойылған атау. М.1: Шанақатты өзенінде тұщы судың балығы – хариус, Қарақаба өзенінде сарқырап ағып жатқан мөлдір суда өмір сүретін қара балық – өскіш (ускуч немесе ленок), таймень сияқты балықтар өзенде тайдай тулайды»[41,149б.]. М.2: 1887 год. 72 семьи подают прошение об отводе им участка на реке Кара-Каба [Основы исторического краеведения и музееведения. Часть третья. Выпуск второй: Краеведение советского и современного Казахстана с некоторыми допалнительными материалами по истории Восточного Казахстана (от древности включая современность)[167,140с.]. М.3: Ақжайлау Марқаның көлінің ол жақ, бұл жағы, Аққаба, Қарақаба, Арасанқаба секілді Қара
151
Ертіске арқырап, сарқырап барып қосылатын өзендердің арасындағы алқаптар – өр Найманның жайлау, қыстаулары [41,81б.]. М.4: Мөлдір суынан қара тастары көрініп жататын болғандықтан, Жеті Қабаның бірін осылай атаған [15,145б.]. М.5: Тосқайын қонысынан бес шақырым жердегі Қарақаба өзенінің оң жағалауына 340 қадам (300метрге жуық) жерде қорғандардың шығыс бүйірінен едәуір жақсы сақталған. Басқаларынан едәуір айырмашылығы бар балбала қазып алынған. Төсқайыңда ертеден тұратын шаруалар Қызылащы тұрағынан Қара Қаба өзеніне дейінгі аралықтағы жердегі кішкене жазықта үлкен көлемдегі бар жағынан жақсы жасалған, тұтас сақталған балбал тұрғандығын айтады [60,202б.]. М.: Дарбы мен Шарықты бұлақтары құяды [163]; [107].
ҚАРАҚОБА – ойпат, Катонқарағай а.о. Жердің ерекшелігіне
байланысты қойылған атау. Көне түркі тіліндегі қобы / қоба – «су ағар»,
моңғолша – «хабоо» – «науа», «астау» мағыналарын береді. М.1. Алтай Тарбағатайының, Оңтүстік Алтайдың солтүстік және Күршім мен Сарымсақты жоталарының шығыс баурайымен шектелген. Ойпаттың беті жалпақ, кең батыс пен оңтүстік батысында, ал шеткі батыс бөлігі оңтүстік шығысқа еңкейе түскен [76,61 б.]. М.2: Дарбы мен Шарықты бұлақтары құяды [163]; [107].