ҚАРАҒАЙ – тау, Өрел а.о. Тау бөктерінде қарағай жиі кездесетін
болғандықтан қойылған атау. М.: Қарағайға толы биік тау [119].
ҚАРАҒАЙ БАСЫ – ж.а., Өрел а.о. Қарағайдың орналасуына
байланысты қойылған атау. М.1: Бұқтырма өзені осы жерден екіге: оңға, солға бөлінеді [100]. М.2: Ағаштардың орналасуына байланысты қойылған атау [118].
ҚАРАҒАЙЛЫ – тау, Катонқарағай а.о. Қарағай көп болғандықтан
қойылған атау. М.1: «Қарағайлының» төбесі де көрініп қалған екен. «Қарағайлы» көрінсе жолдың да қысқарғаны [171, 44б. ]. М.2: Сырттан келген дейсің, ә?.. Сонда қай жерден келдің? – Қарағайлыдан. --йбуй, құлыным-ай! – деді ол. – Ол жерде талай болдым ғой мен [11,107б.].
М.3: Күн ұясына қонысымен Қарағайлыны лезде қараңғылық жайлап алатыны бар. Жалғыз үйді жан-жақтан қоршаған орман жақ қазір де әп-сәтте түнере қалған. Күндіз үй іргесінде жай ғана сарқырап ағатын Аққаба да енді барынша күркіреп, шулап жатыр [11,184б.].
ҚАРАДАЛА – ж.а.,Өрел а.о. Қарадала деп, көбінесе, қар тұрмайтын,
аңызақ желі соғып тұратын жерді атайды. Жердің ерекшелігіне
байланысты қойылған атау. М.1: Қарадалаға күнбағыс егіп, бұл елде бұрын болмаған жаңа ырым бастамақ [19,295б.]. М.2: Қарадалаға кеткен. Содан бері жоқ, өзіміз де алаң болып отырмыз, – деді үй-іші. Кеңседегі есеп-шотшы жігіттерден сұрап едім: – Қырманға мотор жөндеуге жіберіп едік, содан көргеніміз жоқ, – десті [25, 60б.]. М.3: Сол Құмекең ана бір жылы судың арғы жағалауындағы Қарадаладағы қырманға күзетші болып орналасыпты [21,96 б.]. М.4:Шорнауаның арғы жағы, Қара жерге қарама-қарсы жер [154].