Катон-Верстка-01. indd


ҚАРАОЙЛЫҚ – ж.а., Өрел а.о. Ойпаң жер болғандықтан қойылған  атау [109]. ҚАРААЙРЫҚ



Pdf көрінісі
бет130/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚАРАОЙЛЫҚ – ж.а., Өрел а.о. Ойпаң жер болғандықтан қойылған 
атау [109].
ҚАРААЙРЫҚ – жайлау, Аққайнар а.о. Өзен тасыған кезде 
өзен жағасында іркіліп, жиналып қалған суды айырық деп атайды. 
Айырық суы таяз болғасын және айрық судың астында қара жалбыз 
болғандықтан Қараайырық деп аталған. Қазақ тілінде екі дауысты 
қатар келмейтіндіктен, айтылуда бір «а» дыбысы түсіріліп Қарайырық 
деп аталады. М.1: Үйге келген соң жолға дайындалып мен де совхоз 
жұмысына оқушы-жастар бригадасы жайлаған Қарайрық, Көккезең 
жайлауын бетке алып аттанып кеттім [25, 225 б.]. М.2: Қалың 
ағашты жер аты [120]. 
ҚАРАБҰЛАҚ – бұлақ, Өрел а.о. Біріккен атау. Бұлақ суының 
ерекшелігіне байланысты қойылған атау[109].
ҚАРАБҰТА – қорым, Берел а.о. Жердің ерекшелігіне байланысты 
қалыптасқан атау. Қара – сын есім. М.1. Бұта – өркендерінде 
ағаштыкіндей дің болмайтын, түп-түп болып өсетін, бойы ағаштан 
аласа өсімдіктердің жалпы аты [46, 15б.]. М.: Өркеш-өркеш тастар 
болып келеді [101].


152
ҚАРАГЕМ (ҚОЛАТҚАМ) – көл, Берел а.о. Атау қара және гем 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қара қазақ тілінде түс атауын 
білдірсе, кем/хем/гем тұлғасында қолданысқа түсетін сөз алтай, 
тува тілдерінде өзен, су мағынасында қолданылады. Көлдің суы 
терең болғандықтан, қара болып көрінуі заңды. М.1. Бұл аудан 
территориясында Қарагем деген көл бар. Мұндағы қара,біздіңше 
түрік сөзі де, оның екінші компоненті хәм, шек, шекара мағынасындағы 
монғол сөзі [3,78б.]. М.2: Қазақтың қойған аты. Балығы, үйрегі мол 
көл. Аңызда: бір мерген үйрек атамын деп өз қолын өзі атып алыпты, 
соған байланысты қойылған [101].
ҚАРАҒАЙ – қыстау, Өрел а.о. Қарағай көп болғандықтан қойылған 
атау. М.: Қыстау жанында қарағай көп. Қыстың күндері желді 
баяулатып, әрі ық болғаны үшін осы жерде қысты өткізген [119].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет