Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет138/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

 .
ҚАРАСУ – бастау, Қатонқарағай а.о. Қаражерден шығып жатқан 
бастау болғандықтан қойылған атау. М.: Қаражерден шығып жатқан 
бастау [114]; [110].
ҚАРАСУ – ж.а., Катонқарағай а.о. Қарасу өзенінің маңында 
орналасқандықтан, басты нысан өзен болса, жер сол өзен атын иеленген. 
М.: Терісбұлақ маңайында орналасқан [98].
 
ҚАРАСУ – өзен, Өрел а.о. Қыста қатпайтын жер асты суының 
ерекшелігіне байланысты қойылған атау. М.1: Қарасу мен Бөртегім, 
Сауыры-ақ едің өлкенің. Қарамолақ, Қараөткел, Қатар жатқан 
төртеуің [41,57б.]. М.2: Қыста қатпайтын жер асты суларын 
қазақ «қара су» деп атайды. Кезінде бұл өзен Әбдікерімнің Қарасуы 
аталған екен [15,55б.]. М.3. Сонда менің көз алдымда қалғаны: 


159
Апамның көкжайсаң шалғынды қақ жарып менің алдымда батар 
күнді бетке алып қасқая тартып бара жатқаны, қасқая тартып 
бара жатып, арқасындағы саулықты былқ еткізіп тастай беріп 
тоғай ішіндегі Қарасуға барып дарет алғаны, содан соң батар күнге 
бет беріп намаз оқығаны, намаз оқып көкшалғынға бір жығылып, 
бір тұрып, қып-қызыл күн нұрымен шағылысқан қайран апам осы 
қалпында қара жерге  туған жерге табынғандай еді; енесіне 
тартқан қарабас қозыны құшақтап отырып мен апамның дүние 
жүзіндегі ең күшті адам екеніне күмәнім қалмаған[21,88 б.]. М.4: 
Қыс бойы бұлақ қатпайды. Жазда суын ішсең, суық боп тұрады 
[158].
ҚАРАСУЫР – ж.а. Өрел а.о. зоотопоним. Жер атауына суырдың осы 
жерді көп мекендеуі уәж болған.
 1. Қыста ұйықтап қалатын,кішірек 
кеміргіш аң және оның терісі. 
2. зоол. <лат.marmota> Кемірушілер 
отряды, тиынтәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі. Суыр 
– тиын тұқымдас кеміргіштердің ішіндегі ең ірісі [55, 744 б.], М.1: 
Жануар атауына байланысты қойылған атау [118].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет