Катон-Верстка-01. indd


ҚАРАСУЫР – жайлау, Жамбыл а.о. зоотопоним. Жер атауына  суырдың осы жерді көп мекендеуі уәж болған[120].  ҚАРАТАС



Pdf көрінісі
бет139/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   305
ҚАРАСУЫР – жайлау, Жамбыл а.о. зоотопоним. Жер атауына 
суырдың осы жерді көп мекендеуі уәж болған[120]. 
ҚАРАТАС – тау, Алтынбел а.о. Ғалымдар тауға қатысты атаулардағы 
«қара» сын есімінің таудың көлеміне қатысты да қолданатындығын 
анықтаған: «Атаудың бірінші сыңарындағы қара сөзі біріккен 
тұлғалы топонимдер қатарында тұрғанда үнемі «үлкен», «зор», «ірі» 
мағыналарын білдіреді»[33,333б.]. Дегенмен, жергілікті тұрғындардың 
айтуынша Алтынбел ауданына қарасты «Қаратас» оронимнің бірінші 
сыңары тура мағынасында, яғни анықтауыштық мәнде қолданылып 
тұр. Х.:Бура руының жері болған. Тау етегі қап-қара болғандықтан 
[көрінгендіктен], Қаратас аталған[137].
ҚАРАТАС – шабындық. Катонқарағай а.о. Жердің аты ретінде 
сол жердегі үлкен қаратас белгі ретінде алынып, атауға негіз болған. 
М.: Шөп шабатын жер. Көкжотаның баурайында, Шұңқыржұрт 
бұлағының бойында Күленмен тұспа тұс келеді[99].
ҚАРАТАС – тау, Өрел а.о. Анықтауыштық мәндегі біріккен атау, тау 
етегіндегі қара түсті тастар топонимдік атауға негіз болған. М.1: Тау 
етегінде қара, қаралау келген тастар баршылық[100]. М.2: Ерекше 
тастарға байланысты қойылған атау[118]. М.3: «Елінен, жерінен 
мүлде қол үзіп, алыстап кеткісі келмеген Шәкен, Бұқтырма өзенінің төр 
басындағы Қалғұтының Қаратас, Қызылтас, Қоскөл деген жерінен 


160
өзіне, балалары Дүсіп, Назарбай, Ниязбайларға арнап қыстай салып, 
Қобда маңындағы Керейлерді басқаруға кіріседі» [41,152б.].
ҚАРАТАС – тау, Солдатова а.о. Тастың көлеміне орай қойылған атау. 
«Атаудың бірінші сыңарындағы қара сөзі біріккен тұлғалы топонимдер 
қатарында тұрғанда үнемі «үлкен», «зор», «ірі» мағыналарын білдіреді» 
[33]. М.: Үлкен қара тас тұрғандықтан солай атаған[195].
ҚАРАТАУ – тау, Белқарағай а.о. анықтауыштық мәндегі топонимдік 
атау. «Қаратау оронимі таңылған таулар (олар біршама мол кездеседі) 
туралы Э.М.Мурзаев былай дейді: «Бұл атаудағы қара сөзі түспен 
байланысты, өйткені қаратауларда өзге таулардағыдай жаз бойы қар 
жатпайды». Автордың пікірі дұрыс, дегенмен қыста да қар тоқтамайтын 
тасты, тақыр тауларды Қаратау деп атау қалыптасқан. Ақ қарлы қыста 
қаратаулар қарауытып, ерекше білініп тұрады» [16,143 б.]; [147].
ҚАРАТҰМСЫҚ – тау, Катонқарағай ауд., ороним атауы таудың 
пішіні мен көлеміне байланысты қойылған. Бұл жерде тұмсық тәріздес 
мүйіс болғасын қойылған атау. Тұмсық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет