Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет134/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚАРАКЕЗЕҢНІҢ АСУЫ – асу, Өрел а.о. Кезеңдегі асуда қарабұта 
көп өсетін болғандықтан, атауға уәж болған[100].
ҚАРАКЕЗЕҢНІҢ КӨЛІ – көл, Өрел а.о. Басты нысан Қаракезең 
болса, сол жерде орналасқан көлге де сол атау берілген. М.: Қаракезеңнен 
кейін орналасқан[100].
ҚАРАКЕМЕЛ – егіндік, Алтынбел а.о. Нысанның жағалауы, жиегі, 
төменгі жағы ерекше қарауытып көрінетін және егін кемеліне келіп 


155
жақсы пісетін жер болғандықтан қойылған атау болса керек. М.: Төменгі 
жағы ыстық болғандықтан, Қаракемел аталған [115].
ҚАРАКӨЛ – көл, Өрел а.о. Суы терең, әрі мөлдір көл мағынасында 
қолданылған. М.1: «Тарбағатай, Шабанбай, Айырылдым елден баға 
алмай. Елге сусын Қаракөл, Аймалаушы едім анамдай» [41,57б.]. М.2: 
Қаракөл (Язевое) – Бұқтырманың жоғарғы басындағы көл. Көлемі 
– 1,59 шаршы шақырым. ең үлкен көлдер [76,67 б.]. М.: Қуағаштан 
кейін орналасқан. Суы терең, әрі тұнық [100]. М.3. Қаракөлден арғы 
жол тіпті қиындап кеткен. Қаракөлде ежелден пилорама бар екен, 
кеңес заманында Язевка мен осы пилораманың екі арасында «маздар» 
мен «краздар» ағаш тасып, арлы-берлі жөңкіліп жатыпты [7,13б.]. 
М.: Өлі көл, балық өспейді. Ұзындығы 200-300 метр өте терең [128] . 
ҚАРАКӨЛ – көл, Белқарағай а.о. Суы терең, қара түсті көл. Қара 
– сын есім. М.: Күлмес деген суға құяды [134].
ҚАРАКҮҢГЕЙ – жайлау, Үлкеннарын а.о. Жаздың ортасына 
қарай аңызақ ыстықтан өсімдіктер күйіп, жердің беті қарайып кететін 
болғандықтан аталған. М.1: Қылтадан қар жауып, шана жолы түскен 
соң жаңадан келген орманшы жігіт Қаракүнгей жақтан делән бөлген 
[8,472 б.]. М.: Қаракүнгей Сұлушоқының бер жақ беті. Ерте көктемде 
мал жайылатын жер. Күн қатты қызғанда сол жер қарайып кетеді. 
Малшылар ерте көктемде малды жайып үлгеруге тырысатын [153]. 
ҚАРАҚАБАҚ – қия, Өрел а.о., Жардың үстіңгі жақ қия беті деген 
мағынада қойылған атау. М.1: Бұдан соң машина Бұқтырманың 
жарлауыт жағасын қуалап отырып Қарақабақтың қиясына 
көтерілгенше ешкім тіс жарып, тіл қатқан жоқ[11,198б.]. М.2: 
Қарақабақтың қиясын қиғаштай қиып өтетін қазған жолда таутөбе 
қарлы ышқына итеріп бара жатқан бульдозерлері кенет күрк-күрк 
жөтеліп барып, үні кілт өшті де тынды [11,198б.].
ҚАРАҚОЖА – Тұғырық тауының бір беткейі, Алтынбел а.о. 
Антропотопоним. М.:Шоғыр тастар болғандықтан, Қарақожа деп 
аталып кеткен [137].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет