168
ҚОЖАҚҰМАР – жар, Алтынбел а.о. Антропотопоним [121].
ҚОЖЫРТАС – жота. Айналасы тақыр, тастақ, басы қара қожыр
тасты шағын тау.
ҚОЗЫБАЙ – жер атауы, Қатонқарағай а.о. Антропотопоним.
М.:Қозыбайдың жайлауы болған[145].
ҚОЙТАС – ж.а. Өрел а.о. Ғ.Қоңқашбаев
Қойтас атауын «қой
сияқты әр жерде шашырап жатқан жұмыр тастар» деп түсіндірген.
Қойтастардың кез келген жазық далада емес, тек тау етегіндегі
жазықтарда ғана болатынын ескерер болсақ,
Қойтас атауы: «тау
етегіндегі жазық жер бетінде шашырап жатқан, көлемі әртүрлі тас»
мәнінде қойылған сияқты [33,338 б.]; [131].
ҚОЙШЫ – жайлау, Алтынбел а.о. Қазақ халқының мал
шаруашылығында маңызды рөл атқаратын төрт түлік малға қатысты
шаруашылықтың бірі қой шаруашылығы, топонимдік атау осы себепті
туындаған болу керек.
М.: Сұлушоқының етегіндегі жайлау, әрі қысқы
тебін болған[137].
ҚОЙШЫҚ – шабындық, Өрел а.о.
М.: Шабақан жеріндегі
шабынды. [100].
Достарыңызбен бөлісу: