Катон-Верстка-01. indd


АЙДАУ – ж.а., Қатонқарағай а.о. Егінге арналып жыртылған  жер[148]. АЙЖАН ШАПҚАН



Pdf көрінісі
бет22/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   305
АЙДАУ – ж.а., Қатонқарағай а.о. Егінге арналып жыртылған 
жер[148].
АЙЖАН ШАПҚАН – ж.а. Өрел а.о. Кісі атына қатысты қойылған 
атау [118].
АЙЛАНБА – ж.а., Өрел а.о. Таулы жер болғандықтан, өтуге қиындық 
келтіретін тұстарын айналып өту қажеттілігі туындайтындықтан, жол 
айналма деп аталынған. М.:1. Жолға байланысты қойылған атау[118]. 
М.:2. Кардонның жанындағы жол[100].
АЙЛАНБАТАС – тау, Жамбыл а.о. Тасты айналып өтетін 
болғандықтан аталған[120].
АЙЛЫ – өзен, Аққайнар а.о. М.: Қайыңды өзенінен жоғары 
орналасқан Айлы өзенінің Балықкөлге құяр жерден дәлірек айтқанда 
Айлының таудан шығар жеріндегі Наумов пен орманнан 100 қадам 
жерде чуд кен орны анықталған [60,121б.].
АЙНАКӨЛ – көл, Катонқарағай а.о. Айнадай жарқырап жататын 
мөлдір көл мағынасында тұр. Түбіндегі тасы қолмен қалағандай, 


50
адамның жүзі көрініп тұрады. М.: Ала жаздай Айнакөлдің жағасынан 
тірнектеп жиған шүйкедей шөбін жұлмалап, Жетпіс апаның жүйкесін 
жейтін ақ бораны тағы бар[11,19 б.]. 
АЙРАНАСУ– ж.а., Жамбыл а.о. Шөпшілерге айран тасығанда осы 
асу арқылы өтеді екен. Түске таман шөпшілер асуға қайта- қайта қарай 
беріп, айран әкелетін уақыт болып қалғанын білдіріп отырған. Содан 
«Айранасу» аталып кеткен дейді жергілікті жердің тұрғындары. М.: 
Асудың астындағы жырықты Айранасу деп атаған [105].
АЙТҚАНШОҚЫ –шоқы, Өрел а.о. Халық аузында айтқан, 
көрсетілген шоқы деген мағыналық жүк жинаған шоқы атауы. М.: 
Алтыбай тауының биігінде орналасқан шоқы [119].
АЙЫЛТАРТАР– тау, Жамбыл а.о. Жолаушы таудың тіктеу келген 
кейкеңіне шығар алдында тоқтап, атынан түсіп, атының айылын сырғып 
кетпес үшін қаттырақ тартып қамданған. М.: Кімде болса сол жерге 
келгенде айылын тартқан[105].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет