Катон-Верстка-01. indd


ҚОЯНДЫ – асу, Жамбыл а.о. Асуда қоянның көп болуына қатысты  қойылған атау. М.: Онда аң өте көп болған[105]. ҚУҚАРАҒАЙ



Pdf көрінісі
бет154/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚОЯНДЫ – асу, Жамбыл а.о. Асуда қоянның көп болуына қатысты 
қойылған атау. М.: Онда аң өте көп болған[105].
ҚУҚАРАҒАЙ – жайлау, Катонқарағай а.о. Ақшыл сұр түсті, 
кепкен қарағай мағынасындағы топонимдік атау[159]. М.: Қуқарағай 
– батыстан шығысқа емініп жатқан үш қарағайдың бірі [35,35 б.].
ҚУАҒАШ – ж.а. Өрел а.о. Өрттен кейін ағаштардың басы сидиып-
сидиып ақшыл сұр кейіп алып, сұрықсыз көрініс беріп тұруы атауға уәж 
болған. М.: Өгізсыймастан ары қарай жалғасып кетеді. Ағаштары 
өртенгеннен болуы керек, Қуағаш аталып кеткен[100].
ҚУАҒАШТЫҢ ДАРАСЫ – дара, Өрел а.о. Дара атауы топоним 
жасауда М.:Қуағашта орналасқан дара[100].
ҚУДӨҢБЕК – ж.а. Жамбыл а.о. Дөңбек- зат. Жуан ағаштың үлкен 
кесіндісі, түбірі, томар [46,740б.]; [120].
ҚУРАЛЫ – беткей, Өрел а.о. Беткей - 1. зат. таудың құлама 
жағы, төскейге қарсы бір беті [45,320б.], Этноним Э. Мурзаев (1984) 
қу сөзі мари, манси тілдерінде «тас», «тасты» ұғымын білдіретінін 
айтады[33,462б.]; [100].
ҚУЫС – қыстау, Маланарым а.о. Географиялық нысанның көлемдік, 
аумақтық сапа белгісін білдіріп тұрған атау. 
ҚУЫС з а т. 1. Бір нәрсенің 
ішіндегі бос,ашық жер; кеуек[52,217б.]. Х.: Екіге бөлінеді: жоғарғы 
Қуыс төменгі Қуыс [123].
ҚҰДАС – қыстақ, Үлкен Нарын а.о. [153]. М.: Төменде – Суықшат, 
алда – Өтес асуы, Шопандар қыстағы – Құдасқа дейін әлі де бір қауым 
жүріс бар [25,52б.].
ҚҰДЫҚ – бұлақ, Аққайнар а.о. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 
бұлақтың ағып келіп толастаған орны. М.: Сылдырлап бұлақ ағып келіп 
бір жерге толастайды емес пе, сонсын одан су алу үшін оны қазақтар 
шұңқырайтып құдық сияқты қылып қойған ғой, содан Құдық атанып 
кеткен[96].
ҚҰДЫҚ – ж.а. Аққайнар а.о. Құдық бұлағы басты нысан ретінде 
алынып, жер басты нысан атауын иеленген[124].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет