171
В.А. Казакевич: «Хара-Батыс Гобидегі аласа келген таулар» десе[39],
Э.М.Мурзаев: «Хара осетин тілінде тас, тасты жер» [73,291б.] дегенді
айтады. Біздің тілімізге енгенде осы хара сөзі дыбыстық өзгеріске
түсіп, тілімізге бейімделіп, қора тұлғасына өзгерген деуге болады. Осы
дәлелдерге сүйене келіп, Қора тауының мағынасы: «тасты жер, тау»
дегенді білдіріп, тау айрығы ретінде белгілі болған сияқты [33,151б.].
Х.: Сарыбет тауы секілді, бұл да үлкен тау беті[100].
ҚОРАЛЫСАЙЫ - Өрел а.о. Жан-жағы биік құз-жартас, қора секілді
бітеу аңғар.
М.: Анау басы аппақ тауды Ақтүйе шыңы дейді. Оның
етегіндегі сонау аңғар - Қоралы сайы. Анау көрінген үстіртті жазық
Сарыбет аталады. Таутеке қыстайтын мекен осы. Қыс айларында
бұл араға екі жүз басқа дейін жиналады[7,122б.].
ҚОРҒАН – бұлақ, Үлкеннарын а.о. Гидроним, Қорған сайына
байланыстырып қойылған атау болуы мүмкін.
М: Қорған сайынан
төмен қарай ағып жатқан бұлақты Қорған бұлағы дейді[150].
Достарыңызбен бөлісу: