Катон-Верстка-01. indd


ҚОРҒАН – сай, Үлкеннарын а.о. «Қорған»



Pdf көрінісі
бет151/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚОРҒАН – сай, Үлкеннарын а.о. «Қорған» зат есімі + зат есім
Қорған сөзі – ойконимдік термин. «Бір нәрсені айнала соққан қоршау, 
дуал, биік қабырға» (ҚТТС, 6т, 343) мағынасын береді. Ертеректе «қала» 
мәнінде де қолданылған. Топонимжасамда «қолдан соққан қорғаннан 
басқа табиғи нысанның қорғанға ұқсас тұлғасын» да атап көрсетеді 
[16,275б.]. М: Сұлушоқының баурайында Қорған сайы бар[150].
ҚОРЖЫНБАЙ ДАРАСЫ – дара, Қатонқарағай а.о. Антропотопоним. 
М.: Қосжүректен түскен жерде. Қоржынбай дейтін бай адам болған. 
Дараға кіретін жері бар, шығатын жері жоқ. Кірген жеріңмен ғана 
қайта айналып шыға аласың[133].
ҚОРЫМБҰЛАҚ– ж.а. Өрел а.о. Осы ауданға қарасты Қорымтас 
жер атауына байланыстырылып туындаған атау болуы мүмкін. Х.: 
шабындық жер. Белдеудің өр жағы [111].
ҚОРЫМДЫ БҰЛАҚ – бұлақ, Өрел а.о. Гидроним[109].
ҚОРЫМСАЙ – сай, Жамбыл а.о. Қорым (зат есім) және сай (зат 
есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қорым – тас, топырақ немесе 
қиыршық тастан үйіліп жасалған ертедегі ғұрыптық жерлеу орны; 
өлгендердің сүйегі қойылған қалың бейіт [52,111б.] деген мағына берсе, 
М.2. Сай – үлкен жыра, аңғар, ойпаң жер, қолат [54,538б.]. деген мағына 
береді. Яғни сайда орын алған көне бейіттерге байланысты қалыптасқан 
атау[120].
ҚОРЫМТАС – ж.а. Өрел а.о. 1. Ыстық пен суықтың, желдің әсерінен 
ұсақталған қиыршық малта тас, сынған жарықшақ тас үйінділері. Биік 


172
таулар мен тасты шөлдердегі үйіліп жататын тас қ о р ы м д а р осындай 
үгілудің нәтижесінде пайда болады [52,111б.]; [163]; [107].
ҚОСНАУА – жайлау, Үлкеннарын а.о. Қатар тұрған біртекті екі 
табиғи нысан науаға ұқсас болғасын аталған. 
НАУА. з а т. 1. Малдың 
су ішіп, тұз, жем жеуіне арналған, ағаштан, темір, бетоннан жасалған 
ұзын астау [53,498б.]. М: Осы Сұлушоқының етегінде ата-бабамыздың 
ежелгі жұрттары, жайлаулары бар. Жазғытұрым осы Қалес, 
Батал, Исабай, Сұлушоқы, Бөденелі, Екіаша, Қоснауа жайлауларына 
аталарымыз малдарын айдап әкеліп, бағып, күзде әкетіп отырған [153].
ҚОСЖҮРЕК- шұңқыр, Қатонқарағай а.о. Белгілі бір жердің бет-
бедерін, географиялық нысанның көрінісін анық, бұл жерде жүрек 
пішімін білдіретін тура мағыналы атау сөз [33,39б.]. М.: Жүрек тәрізді 
шұңқыр [133]. М.:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет