Бұл сәтте Қосжүректің иығына бізбен бірге ай да
шықты[25,15б.]. М1.: Тарбағатай сілемдерінің орта деңгейіндегі Қосжүрек жотасын осы өңірдің жүрегі дерсің. Қосжүрек аталуы да осыдан болар-ау [25,150б.]. М2.: Мен отарды бір айналып шықтым да өгізді тастай беріп, Қосжүректің иығындағы шағылға өрмеледім [25,82б.].
ҚОСКЕМПІР – тау, Белқарағай а.о. Таудың ерекше бір белгісін (екі
шоқысының болуын және сыртқы сипаты қария адамға ұқсаған) атап
көрсетіп, уәжденіп тұрған ороним. М1.: Топ қайыңның күнгей жағы Қоскемпір, Балтақалған, Текше тауларымен жалғасып кететін Алтай тауларының бір сілемі[14,50 б.]. М2.: Алтай тауының Қоскемпір, Тазқара биіктерінен құлдилаған қар етекке де жетті [14,43 б.]. [103].
ҚОСКӨЛ – көл, Жамбыл а.о. «Қос» сан-мөлшер мәнді сөзі + зат есім
ҚТТС-та қос сөзі «екі, пар, егіз» мағынасындағы сын есім екені атап
көрсетіледі [65, 362б.] Топонимжасамда оның екі сан есімінің орнына
жүретіні маңызды және қос сөзінен бірігу арқылы жасалған атаулар екі
сан есімінен жасалған күрделі атаулардан анағұрлым көп кездесетіні
де сол себептен шығады. Қос сан-мөлшер мәнді сөзі «көбінесе қатар
тұрған біртекті екі табиғи нысанды» атауға қатысады [16,347б.]. М.: «Елінен, жерінен мүлде қол үзіп, алыстап кеткісі келмеген Шәкен, Бұқтырма өзенінің төр басындағы Қалғұтының Қаратас, Қызылтас, Қоскөл деген жерінен өзіне, балалары Дүсіп, Назарбай, Ниязбайларға арнап қыстай салып, Қобда маңындағы Керейлерді басқаруға кіріседі» [41,152б.]; [120].
ҚОСКӨПІР – ж.а. Өрел а.о. Х.: Сарыкөлден кейін орналасқан. Екі
көпір қатар тұр[100].
173
ҚОСҚАРАҒАЙ – ж.а. Өрел а.о. Жергілікті тұрғындардың айтуынша,
екі қарағайдың өзге қарағайлардан оқшау, бөлек өсіп тұру ерекшелігіне
орай берілген атау. М.: Жай ғана жер атауы. Екі қарағай оқшау тұрған соң, солай атап кеткен[108].