189
МАЙТЕКШЕ ЖОТА – ж.а. Катонқарағай а.о. антропотопоним.
Кісі есімімен байланыстырылып қойылған топонимдік атау. «Мая» кісі
есімі мен «текше» және «жота» зат есімдерінің бірігуінен қалыптасқан
топонимдік атау. Мая биге қарасты жер атауы.
Текше зат. 1. Үстірт
жер, алаң жер [56,534б.];[121].
М.: Мая деген би болған адам есімімен
аталған. Қаратай елі екінші рет келгенде бастап келген шоңмұрын
Мая би болған. Айтқанға жеңіл болған соң, Майтекше деп аталып
кеткен. Шыбынды бұлақта орналасқан [98].
МАЙТЫ – қыстау, Аққайнар а.о. антропотопоним,
М.: Ол кісі де
Сарғалдақтың бір атасынан тараған ұрпақ [96].
МАЯ ТЕКШЕСІ – тау, Белқарағай а.о. антропоороним. Тау үстіндегі
алаңқай жер, «-сі» топоформант арқылы меншіктік мағынаға ие болған,
«біреуге тиесілі» деген ұғым беріп тұр.
Текше зат. 1. Үстірт жер, алаң
жер [56,534б.].
М.: Жарылғас осы Мая текшесінде тұрған [134].
МАКАР – тау, Ақсу а.о. Антропоороним, қазақ жеріне көшіп
келген орыс қоныстанушыларының фамилия, есімдерінен қойылған
оронимдердің бірі, жергілікті тұрғындар бұл жердің атауын Макар
есімді кісімен (ұлты орыс) байланыстырады, ол кісінің тұрғылықты
мекені болған[93].
МАКАРОВ – бұлақ, Солоновка а.о. антропогидроним, қазақ жеріне
көшіп келген орыс қоныстанушылардың фамилия, есімдерінен қойылған
гидроним [123].
МАКСИМОВКА – ж.а. Солдатова а.о. Антропотопоним. Славян
тілінен енген географиялық атау.
М.: Адамның атына байланысты
қойылған атау[127].
Достарыңызбен бөлісу: