Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет176/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   305
МАТАЙ ДАРАСЫ – Өрел а.о. этнотопоним. М.: Кең жазықтың 
бойында жалғыз келе жатырмын. Матай дарасының орта тұсында 
кеше көрген ескі зираттарды жанай өттім[5,45б.]. Қазақтар 


194
тау аңғарындағы мұндай кең көсілген жазық алқапты «дара» деп 
атайтын[5,39б.].
МАТАН – тау, Үлкен Нарын а.о. Антропотопоним[143].
МАТВЕЕВ – ж.а. Солдатова а.о. антропотопоним, орыс тілінен 
енген фамилия негізінде қалыптасқан топонимдік атау. Орыс 
қоныстанушыларының фамилия, есімдерінен қойылған ороним [127].
МАЯ ТЕКШЕСІ – тау, Катонқарағай а.о. Антропоороним. Кісі 
есімімен байланыстырылып қойылған топонимдік атау. «Мая» кісі есімі 
мен «текше» зат есімінің бірігуінен қалыптасқан топонимдік атау. Мая 
биге қарасты жер атауы. Тау үстіндегі алаңқай жер. «-сі» топоформант 
арқылы меншіктік мағынаға ие болған, «біреуге тиесілі» деген ұғым 
беріп тұр. Текше зат. 1. Үстірт жер, алаң жер [56,452б.]. Маятекше – 
Найманның Қаратай руынан шыққан Мая бидің есімімен байланысты 
топоним[160]. М.: «Мая текшесінің басынан құлдырап түсетін әр 
сайда бір бұлақ бар еді»[41,343 б.].
МӘЖІ – жайлау, Өрел а.о. Этнотопоним. М.: Тарғыбатай 
жайлауында орналасқан. Мәжі деген румен байланысты[109].
МӘКИЛЕ – дара, Өрел а.о. Антропотопоним, Мәкиле – Самай 
руынан шыққан дәулеті тасқан, мерейі асқан атақты би болған кісі. М.: 
-Бұл алқапты Мәкиле дарасы деп атайды, - деді бұл өңірді бір адамдай 
білетін орманшы Ағәділ Сүндетбаев. - Қазақтың шабынсыз жазын 
іздесеңіз - осы жерге келіңіз. Мынау жайқалған жасыл белдің бәрі - 
атбұршақ пен жонышқа. Бұрынғының қазағы бұл дараның шалғынын 
малға шипа, малшыға дәрі санапты[7,150б.].
МӘКІБАЙ ТАУЫ – тау, Үлкен Нарын а.о. антропоороним. М: 
Мәкібай деген кісінің атымен аталатын тау бар[153].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет