188
су аттары бұл өңірде жиі кездесетіндігі байқалады. Географиялық
нысанның бірінші компоненті жердің құнарлы екендігін көрсетеді.
Атаудың екінші сыңарын құрап тұрған «жүрек» сөзі анатомиялық
термин. Метафорлық жолмен геотерминге өткен.
ЖҮРЕК за т. а
н а т. <лат. cor>
1. Қан айналу жүйесінің көкірек қуысының сол
жағына қарай орналасқан басты мүшесі.
5. а у ы с. Қайнар көзі,
тірегі[48,635б.];[120].
МАЙҚАБЫРҒА – жайлау, Белқарағай а.о. «Май» анықтауыш сөзі
мен «қабырға» анатомиялық терминінің бірігуі арқылы жасалған. Атау
жасауға «қабырға» сөзінің ауыспалы мағынасы қатысып тұр. Қабырғаға
ұқсас табиғи нысан. Тізбектеліп орналасқан нысан болуы мүмкін.
Қабырға. Зат.1.анат. Омыртқа мен төс сүйегін ұштастырып тұратын
имектеу келген жіңішке сүйек. 2. Арқа, адам кеудесінің арты [50,689б.];
[
135].
МАЙЛЫ САЗ – жайлау, Алтынбел а.о. Құрамында «май»
сөзі бар топонимдік атау қазақы таным үшін маңызды ақпарат.
Мал шаруашылығына қолайлы жер. Топонимжасамдарда -лы, лі
топоформанттары өте өнімді қосымшалар болып есептеледі. «Майлы»
туынды сын есімі бір заттың мол екендігінен ақпарат беретін сөз.
Географиялық нысанның екінші сыңары «алқапты дала, сулы дала,
жұмсақ» мағынасын береді. Біріккен атау «құнарлы кең дала»
мағынасын беріп тұр. Саз зат. 2. Көгалы қалың өскен, дымқыл кең
алқап [54,535б.];[121].
МАЙЛЫБАЙ – жайлау, Катонқарағай а.о. антропотопоним. Кісі
есіміне байланысты қалыптасқан топонимдік атау.
М.: Мәметек
жайлауында орналасқан. Кісі есімініне байланысты қойылған[157].
МАЙЛЫБАЙ – таудың үсті, Алтынбел а.о. антропотопоним. Кісі
есіміне байланысты қалыптасқан топонимдік атау.
М.: Жебетей жұрты
жайлаған жер, жайылымға баратын жол. Алтай тауының бөлігі[138].
МАЙЛЫБАЙСАЗЫ – саз, Алтынбел а.о. антропотопоним. Кісі
есіміне байланысты қалыптасқан топонимдік атау.
М.:Майлыбай деген
кісінің атымен сақталған[
Достарыңызбен бөлісу: