187
жайсан, олар семіреді, кейін май еміп отырасың деген мағынада қойған.
Ата-бабаларымыз көшіп жүргенд, осы жерге отырып демалған,
сол кезде жайылған мал 7 күнде семірген[147].
М1.:
Осы әкімшілік
ауылдардың басы Жазотырдан басталып Майемер ауылы мен бұрынғы
Теректі (Алтынбел) ауылына дейін жетіп, 1-10 ға дейін нөмірленген
[89,120б.].
М2.:
Мая би және Қаратай елінің байы Есбол Қаратайұлы
мен батыры шеруші Жәнібек
Шақабайұлы үшеуі 1750 жылдары елді бастап әкеліп, дәл осы
қазіргі мекеніне қоныстандырған. Көші-қонмен жүдеп келе жатқан
елдің малын Нарын бойынан бері өрлеп шығып, Майемер жазығының
шетіне іліне бере қоналқаға түнемел жасайды. Кешке арып-шаршап
келген малға таңертең өң бітіп, құлпырып сала бергенін байқаған Мая
би: - Аш-арығың тойынатын жер екен, өңшең семіз сойылатын жер
екен, бір-ақ күнде шыр қонатын жер екен, өріс күнде құлпыратын
жер екен, ал адамдар май еметін жер екен, мен осы араға Майемер
деген атты лайық көріп тұрмын, бұдан былай жер аты Майемер
болсын, - деген екен. Дуалы ауыздан шыққан сөз иесін таппай қойсын
ба?! Қазір Майемер даласы бар, Майемер ауылы бар, Майемер мектебі
бар[3,118б.].
МАЙЕМЕР – тау, Белқарағай а.о.
Осы атаумен аталатын
географиялық нысандар мағыналық тұрғыдан өзара байланысты
бір мағынадағы топонимдік атаулар. Атаудың өзектік мағынасы-
географиялық нысанның қолайлығы мен құнарлылығы [103].
М.: –
Сонау батыс көкжиектегі Майемер тауының екі жақтан түйісіп
кеп жығылатын аңғарын көрдіңдер ме? Тұрғын ел оны Көтенсай,
келін-кепшіктер Шат деп атайды[171,331б.].
МАЙЕМЕР ДАЛАСЫ – жазық, Катонқарағай а.о. Осы атаумен
аталатын географиялық нысандар
мағыналық тұрғыдан өзара
байланысты бір мағынадағы топонимдік атаулар. Атаудың өзектік
мағынасы- географиялық нысанның қолайлығы мен құнарлылығы.
М.: Мая би жол азабын көріп, көшіп келген. Ертеніңде аттары құнап
тұрған екен. Түгің тартса , майы шығатын жер екен делініп, Майемер
деп аталып кеткен[
Достарыңызбен бөлісу: