Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет54/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

БАСҚАРАУЫЛ – тау, Белқарағай а.о. Жалпы ел ішінде Басқарауыл, 
Аяққарауыл, Ортақарауыл аталатын қарауыл төбелер болған. Белқарағай 
жеріндегі Басқарауыл сондай қарауыл қарайтын төбелердің бірі. Ел 
ішінде тосын оқиға бола қалған жағдайда (өрт, жау шаба қалған 
жағдайда, індет т.б.), жұрт құлағдар болып отыруы үшін, аталған 
төбелердің басына от жағып, белгі беретін болған[164]. М.: Бас қарауыл, 
Орта қарауыл, Аяқ қарауыл. Бұл жерде Жоңғария құлағаннан кейін де 
Қытай қарауылдары болған. Мұндай қарауылдар мұнан басқа жерде 
де, Жоңғария үстемдік еткен кезде де болған. Осы қарауылдарға 
байланысты атаулар күні бүгінге дейін қолданылуда. Бұрын 
қазіргі Малонарым селосының орнында, Қытайдың Бас қарауылы, 
Большенарымда Орта қарауылы, Усть-Нарымда Аяқ қарауылы болган. 
Осы жерлерде жергілікті халықтың қазіргі кезде де Басқарауыл, 


79
Ортақарауыл, Аяққарауылы болған. Осы жерлерді жергілікті халық 
қазіргі кезде де Басқарауыл, Ортақарауыл, қарауыл деп ара-тұра 
айтып қалады. Қытай қарауылдары Семей мен Шығыс Қазақстан 
облысының басқа жерлерінде де болған. Ондағы күзетшілер бір жылда 
бір рет ауыстырылып тұратын болған. Сонымен бірге шекарадағы 
қарауылдар ретсіз, тәртіпсіз қойылатын да болған. Олардың бірінің 
арасы екіншісінен тым қашық және бұрыс, не тым жақын, түстас. 
Кейде олар тиісті территориядан не ішке кіріп, не сыртқа шығып 
кетіп отырған. Кейде олардың арасында жол жоқ. Ел аузындағы 
әңгімеге қарағанда, Катонқарағайда да осындай қарауылдардың біреуі 
болса керек[3,79 б.]. 
БАСҚОҢҚАЙ – төбе, Үлкеннарын а.о. Белгілі бір нысанға бас 
атауын салыстырмалы түрде басқы, алғашқы, үлкені деген ұғымды 
білдіру үшін қосады. Бұл жерде Басқоңқай жеке тұрған басты 
төбелердің бірі деген мағынада тұр. М: Қалмақтың Батыры Қоңқайдың 
құрметіне қойылған. Жаудың жолын қарап отырған қарауыл төбе 
болған[153].
БАСҚЫШҰҢҚЫР – шұңқыр, Өрел а.о. Жер жағдайына байланысты 
кездесетін бірнеше шұңқырлардың ішіндегі бастапқысы, тереңі, 
үлкені. М.1: Жердің ыңғайына байланысты қойылған атау[118]. М.2: 
Әлпишұңқырдан кейін. Бұл шұңқыр да үлкен, терең[100].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет