БӘЙТЕЛЕС – ж.а., Жамбыл а.о. Антропотопоним[120].
БӘЙШӨК – жайлау, Жамбыл а.о. Антропотопоним [120].
БӘНУШКӨ – ж.а., Үлкеннарын а.о. Антротопоним. М: Даубайдың
жұртына орыстардың Иванушка деп қойған атауы. Қарапайым халықтың
тілі келмей, Бәнушкө деп атап кеткен [153].
БӘРІБИ – жайлау, Аққайнар а.о. Антропотопоним болуы мүмкін
[124]
БӘСКЕСАЙ– шабындық, Катонқарағай а.о. Антропотопоним.
М.: Омарта ұстауға қолайлы орын, шөп шабатын жер. Бұлақтар, қарақат, таңқурай, бүлдірген, рауғаш, емдік шөптер бар[99].
БЕЙСЕНБҰЛАҚ – бұлақ, Аққайнар а.о. Антропотопоним. М.: Бейсен деген кісі осы жерде тұрған. Марал ұстаған [152].
БЕЙІТТІКЕЗЕҢ – ж.а., Өрел а.о. М.1: Берелден Аршатыға баратын жол бойында. Бұрындары сүйек-сүйекпен жерленген ғой. Бұл жерде самай руының адамдары жерленген [100]. М.2: Бейітті кезеңдегі қақпандарымды қарадым, - деді бұл жай ғана. Ғазиз күрсінді. Қақпан қарадың ба, әлде балаңның басында отырдың ба дегенді айтпаса да бұдан қажи қараған көзімен сездіріп еді [11,313 б.]. М.3.: Содан Бейіттікезеңге жете бір-ақ тізгін тежеген... Күреңнің мынадай ит сылтыңымен Жазатырға бүгін жетпесі белгілі болды[9,224б.].
БЕКАЛҚА – ауыл, Катонқарағай а.о. Бекті алқа. М.1: Кезінде 7 ауылды тақпақтап, ұйқастырып айтатын. Соның ішінде Бекалқа болатын. Бекалқаны кей адамдар Бектіалқа деп те атайды[106].
М.2: Жергілікті халық бұл жерді Бекалқа деп атайды. Үлкеннарын ауданының ең алыстағы қыстағында біз отырмыз[22,211б.].М.3: Біздің өлкеде марал шаруашылығының негізін қалаған Бекалқа ауылының тұрғыны Авдей Шарыпов[3,97б.]. М.4: Ғасырлар бойы балқарағай жаңғағы жергілікті халықтың жеңсік тамағының бірі саналып келеді.