78
дүрбелең, үркіншілік кездегі зорлық-зомбылық, қаскөйліктен бас
сауғалап қашқан жергілікті тұрғындардың басым көпшілігін бандит
деп жариялап, қуғын-сүргін ұйымдастырылған кезеңнен қалған атау.
М.: Оралхан шапқан жерінен кейін тұр[100].
БАНДЫ САЙ – сай, Өрел а.о. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы
дүрбелең кезден қалған атау[118].
БАПА – дара, Катонқарағай а.о. Кісі атына байланысты қойылуы
мүмкін.
М.: Бұл жақта дара сөзінің тіркес келуі арқылы жасалған біраз
топонимиялық атаулар кездеседі. Бұл өңірде дара сөзі қорған сияқты
мал қамайтын бекініс мағынасында қолданылады. Кейде жергілікті
халықтар тау арасын да дара дейді. Мысалы, Бапа дарасының жан-
жағы қорым, ортасы жазық[3,73б.].
БАРЛЫҚ – ауыл, Коробиха а.о. Бұл атау тува тіліндегі порлуг /
борлуг «батпақты», «балшықты» деген сөздерден жасалған. Барлық
Арасан атауы бұл деректі растай түседі [15,118 б.].
М.: Кезінде 7 ауылды
тақпақтап, ұйқастырып айтатын. Соның ішінде Барлық болатын.
Орысша атауы – Пешый[106]. М1.: Барлық пен Жеміске – қазақ-орысы
бірыңғай қоныстанған ескі елді мекендер[2,262б.].
БАРЫНДУ– өзен, Жамбыл а.о. Атау көне түркі тілінде кездесетін
«барындыг» сөзінен қалыптасуы мүмкін. Бар – етістік, -ын етістіктен
етіс тудырушы жұрнақ, -д етістіктен етістік тудырушы жұрнақ, -ыг
етістіктен есім тудырушы жұрнақ. Көне түркіден қыпшақ диалектілеріне
ойысқанда -ыг формасы –у тұлғасына өзгерген. Яғни атаудың мағынасы
бар қылатын жер, шөбі шүйгін, суы мол, малға жайлы жерді осылай
атаса керек.
М.: Хансудан бері жатыр[105].
Достарыңызбен бөлісу: