Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет56/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

БАЯНБАЙ – шабындық, Өрел а.о. Антропотопоним. М.: Өзіңе аян, 
Бұқтырманың өр ағысы таудан құлап ағатындықтан екпіні қатты, 
жыл сайын көктемде шарағат бермей шанағынан асып тасиды. 
Жағалаудағы ағашты ағызып, арнасын сан рет өзгертеді, айналдырған 
соңғы екі-үш жылдың ішінде Баянбай, Шәку деген жердегі сандаған 
гектар шабындықты құртты, өзен жиегінде отырған үйді су толқыны 
мазалап, тау алқымына көшті [18,121 б.].
БАЯНТОҒАЙ – ж.а., Жамбыл а.о. Антропотопоним [120].
БАЯНШАҒАН –ж.а., Өрел а.о. Антропотопоним. М.: Жоңғар 
шапқыншылығынын тұсында қалған атау [154].
БӘЙГЕЖОТА – жота, Аққайнар а.о. Үнемі бәйге болатын жердегі 
бақылауға ыңғайлы жота мәнінде тұр. М.: Адамдар аттарын жіберіп, 
бәйге ұйымдастырған. Таға сияқты үлкен жота[152].
БӘЙГЕКЕЗЕҢ – ж.а., Аққайнар а.о. Бәйге, жарыс өткізуге 
қолайлы жер болғандықтан қойылған атау. М.1: Үлкен жиын тойда 
ат шаптыратын жер екен. Ар жағы жазық[96]. М.2: Терістікте 
Бәйгекезеңнің күдері жоны жатыр күншілікке созылып. Кезеңнің 
Көкқошқарға ұласқан арғы жағы көкпеңбек мұнарға сіңіп, сағымданып 
бұлдырап кеткен. Бергі беті Көкжотаға жете тұмсық тірепті. Бір 
ауданның малы еркін сиып кеткендей байтақ өлке, баянды мекен. 
Шабанбайдың бұл өңірі маған ежелден етене-тін. Бәйгекезең – атына 
сай, шынында да, бәйге жарысқа жаратқандай ондаған шақырымға 
созылған иықты жазық, жонды жота. Аламан жарысқа Бәйгекезең 
де тарлық қылатындықтан, аттарды одан әрідегі Көкқошқардың 
белінен жіберіп, Жекебатыр кезеңін көктей өтіп, Көкжотада күтіп 
алушы еді деседі[6,41б.].


81
БӘЙГЕТАС – жайлау, тас, Солоновка а.о. Бәйге аттарының келетін 
межесін белгілеу үшін, тасты уәж етіп алған. М.: Екі жағын қораға 
ұқсатып, таспен қоршап қой санаған. Бәйге аттары Жылтырдан 
бастау алып кейін Бәйгетастан күтіп алған (арасы 7-8 шақырым)[123].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет