Катон-Верстка-01. indd


БЕСКӨЛ – ж.а., Өрел а.о. М.: Кішілі-үлкенді бес көл бар. Ежембай  дарасынан кейін орналасқан[100]. БЕСҚАРАҒАЙ



Pdf көрінісі
бет62/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

БЕСКӨЛ – ж.а., Өрел а.о. М.: Кішілі-үлкенді бес көл бар. Ежембай 
дарасынан кейін орналасқан[100].
БЕСҚАРАҒАЙ – өзен, Аққайнар а.о. Бұл жерде бес санына қатысты 
қойылған атау емес деп ойлаймыз. Себебі бұл өлкеде қарағайды санап, 
түгесу мүмкін емес. Ал Бесқарағай атауына негіз болғаны, басқа өңірге 
қарағанда қарағайдың сирек болуы атауға негіз болған деп есептейміз. 
М.: Талтақтан кейін шығатын өзен[152].
БЕСҚАРАҒАЙ – ж.а., Аққайнар а.о. М.1: Қамайқұлаған жерінен 
кейін орналасқан[124]. М.2: Балта ақын Тасыбай баласы, жасы 
қартайып, дәулет жоқ, кедейлікпен сол Бесқарағай еліне көшіп барған 
жайын біліп, қос атпен кісі жіберіп шақыртып алдырады[14,254б.]. 
М.3: Көлден бастау алған Қандысу тау мен тасты қақ жара арқырап, 
Бесқарағай мен Шұбарағаш ауылдарын басып өтеді [10,122 б.].
БЕСҚАРАҒАЙ – жайлау, Ақсу а.о. М.: Бір топта бес қарағайдан 
өскен. Бес-бестен өскен. Соған байланысты қалған атау[93]. М1.: 
Жарықтық Бесқарағай ежелден қабырғалы қалың ел еді. Құдайдың 
құзырына түскендей қаңырап иесіз қалғанына жаның қиналады[9,57б.]. 
М2.: Бесқарағай қорық болады деген әңгіменің ел ішін кезгеніне жылдан 
асып еді, ақыры сол шындыққа айналды [10,35 б.].
БЕСҚАРАҒАЙ – жайлау. Бұл жерде қарағай санына қатысты емес, 
қарағай ағашы сиректеу болғасын аталып кеткен. 
БЕСЛАҚ – жайлау, Берел а.о. Лаққа қатысты оқиғаға байланысты 
қойылуы мүмкін[149]
.
БЕССАУСАҚ – тас, оқшау тас, Жамбыл а.о. Екі метрден аса үлкен 
жартаста бес саусақ сұлбасы анық көрініс береді. М.: Бес саусақ – тас. 
Мұндағысы оң қолының суреті[105].
БЕСҮЙ – ауыл, Новополяковский а.о. М: Осы өңірдегі ауылдарды 
үйлердің санына қарай атаған[153].
БЕТПАҚ – дала, Аққайнар а.о. Сусыз дала болғандықтан қойылған 


86
атау. Мұндағы «бетпақ» сөзі – сусыз мидай дала, шөл дала мағынасын 
береді [45,324 б.]. М.1. Шу, Сарысу бойын қыстап, көктемде безерген 
Бетпақты еріген қар суын қуалап үдере көшуші еді [2,154б.]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет