БЕЛҚАРАҒАЙ – ауыл, Белқарағай а.о. Бел (зат есім) + қарағай
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Қарағай өскен шағын
бел (жол өтетеін ойпаң жер)» деген мағына береді. М.1: ол негізі ауыл атауы емес, Сельский совет атауы болған. Негізгі атауы Медведка болған. Қазіргі атауы Белқарағай. Медведка деген жәндік көп болған. Сол себепті солай аталған. [103].
М.2.: «Генерал- губернатор ходатайствует о разрешении казахам в количество 600 кибиток оставаться на кочевке в Бухтарминской долине вблизи деревень: Черновой, Таловки, Медведки на тех же условиях, на каторых разрешена кочевка в Кулундинской степи...»[167,142б.]. М.3: Белқарағайда тұрғалы, Биғат деген шешемізді алғалы [42,68 б.]. М.4: Белқарағай ауылым, жасыл бағым, Жетімсіреп қалдың ба түстей сағым[42,13б.]. М.5: Әбдіразақ қажының әйелін, үш келінін бала-шағасымен Үлкеннарын бойындағы Малонарымка деген орыс селосында ұстап отырыпты. Бұл жер шекараға да, Қаратай еліне де бір табан жақын, бірен-саран
83
жекжат, алыстан танитын адамдар болса керек. Солардың көмегімен Қабаш Белқарағай ауылының тұсынан туған-туысқандарын шұбыртып Құзғында асуына тартқан. Асудың қиындығы соншалық, таудың етегі толы тағының қаңқасы, бөктер өлексе мен жемтіктен үнемі борсып жататын көрінеді, басында қашанда сұңқылдаған құзғын кетпейтіндіктен «Құзғынды» атаныпты[3,63б.]. М.6: Сол албан бабамыздан тараған ұрпақтар өткен ғасырдың екінші жартысында Катонқарағай ауданындағы «Аққайнар (Черново)», «Аршаты», «Белқарағай», «Өрнек», «Катон»,ауылдарында шамамен 25-30 отбасы болып тіршілік еткен [89,120б.]. М.7.: Сегодня музей имени Абдикарима Ережепулы построен из искусственно состаренного сруба по макету, который хранится в музее средней школы имени Оралхана Бокея в ауле Белкарагай [12,149с.]. М.8.: Кезінде совхоздың ақсүйектері тұратын Сөгірде елуге жетер-жетпес түтін қалыпты, Белқарағайда Шерушінің бір атасы Жебетей ғана отыр, көшіп кеткен Көшкінші мен Баубектің ізі де өше бастаған[170,145б.].