Катон-Верстка-01. indd


Ақберел (Ақбұлқақ), Бұланты



Pdf көрінісі
бет61/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

Ақберел (Ақбұлқақ), Бұланты тау өзендерімен шектеседі[82,14б.]. 
М.5: Жоғарыда аталғандай Берел обаларының барлығы ерте кезде, 
содан кейінгі замандарда бірнеше реет тоналып, адамдардың киім-
кешектері және олармен бірге қойылған аса құнды заттары жоқ 
болып, қалғандары қатты бүлініске ұшыраған[82, 27б.]. 
БЕРЕЛ – өзен, Берел а.о. Бастауын Қатын жотасының мұздықтарынан 
алады. Тік тау шатқалдарымен ағып, Қараберел өзеніне қосылған тұста 
арнасы кеңейеді. Берел (Бергіел) ауылы тұсында Бұқтырма өзеніне 
құяды. М.1: Өзеннің ар жағындағы ауылды жерлерді Аққайнар деп те 
атаған. Суы ақ болып ағады. Көне түркі тілінде берел сөзі «белить» 
деген мағынаны береді. Кейінгі де халық оны Бергі ел, өргі ел деп айтады. 
Өргі деген моңғол тілінен аударғанда сайдың ішіндегі жер[140]. М.2: 
Ертеректегі «бері кел» сөзі. Ол су аппақ болып шығады. Мұзтаудың 
бір жағынан сүт ағып жатыр деп айтады. Жардың топырағы ақ 
болғандықтан, өзен тасып аққанда сол топырақты шайып алып кетеді. 
Содан аппақ болады[116]. М2.: Аршаты, Берел, Жамбыл, Өрелімді, 
Білмеймін енді қашан көрерімді[42,75б.].
БЕРІАҚҚАН – өзен, Аққайнар а.о. М.: Бері қарай ағып жатқан 
өзен саласы. Таудың жотасымен ағады [124].


85
БЕРІАҚҚАН- өзен, әрі жайлау, Ақсу а.о. М.: Бір бұлақ Көкбастауға, 
одан Ақсуға құяды[93].
БЕРІКҚАР– тау, Алтынбел а.о. М.: Қыстан қалған қардың кетпеуіне 
байланысты қойылған [138].
БЕРІКҚАРА – жайлау, Үлкеннарын а.о. М.: Берікқара деген керемет 
бай, малы көп адам болған. Сол адамның жайлауы екен. Сол адамға 
байланысты қойған[136]. 
БЕСЕУ – ж.а., Солоновка а.о. М.: Бес үй тұрғандықтан Бесеу деп 
аталып кеткен [122].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет