Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет70/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   305
БҰҚТЫРМА БҰЛАҒЫ – бұлақ, Өрел а.о. Бұқтырма өзеніне жол-
жөнекей тау-тастан шыққан мыңдаған бұлақ келіп құядыСондықтан 
осылардың барлығын Бұқтырма бұлағы деп атайды. М.: Бұқтырма 


93
өзені өз бастауын осы жерден алады. Бұқтырма өзені Бұқтырмаға 
құяды[100].
БҰҚТЫРМА КӨЛІ – көл, Өрел а.о. Мұздақтан пайда болған көл 
деп түсіндіріледі. М.: Бұқтырма - ең үлкен көл. Бұқтырма (Шәңген, 
Хайурзов) көлі Бұқтырманың бас жағында орналасқан, мұздақтан 
пайда болған, аумағы – 4,23 шаршы шақырым [76,67 б.]. М.: Басқаша 
атауы – Шәңген көлі [119]. 
БҰЛАНДЫКӨЛ – көл, Өрел а.о. Бұлан жиі кездесетін жер 
болғандықтан осылай аталған. Бұланды және көл сөздерінің бірігуінен 
жасалған сөз. Мұндағы «бұлан» сөзі салалы, үлкен мүйізді, аша тұяқты, 
бұғы тектес ірі аң [45,683б.]. -ды бұлан сөзіне қатысты жұрнақ. М.: 
Шөптікөлден кейін тұр [100].
БҰЛАНДЫКӨЛДІҢ ДАРАСЫ – дара, Өрел а.о. Көлдің тұрған жері 
табиғи қоршаудан тұрғандықтан дара аталған. Бұлан келіп су ішетін 
көл мағынасында тұр. Дара – жерг. сай, жыра мағынасын береді [46, 
497б.]. М.: Бұландыкөлден кейін тұр[100].
БҰЛАНТЫ – өзен. Берел а.о. 1-н. Өзеннің бұлаңдап ағатын қасиетіне 
байланысты қойылған атау болса керек. Бұлаңдау етістігі – бұрылыс, 
қалтырасы, бұрылыс мағынасын береді [46,684б.]. 2-н. Атау «бұлан» 
сөзіне «-ты» топоним жасаушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған 
атау. Атау құрамындағы «-ты» қосымшасы топонимнің таихын көне 
түркі кезеңдеріне дейін жетелейді. Себебі, Орхон жазба ескерткіштері 
тілінде кездесетін Езгенті, Көлті атауларының құрамындағы «-ты» 
қосымшасы Бұланты атауында да орын алады. Мұндағы «бұлан» сөзі 
Қашқари сөздігінде «Қыпшақ өңірлерінде аулғанған ірі жабайы хайуан» 
[62,453 б.] деп сипатталады. Яғни маңайында бұлан мекендеген өзенге 
берілген көне атаулардың бірі болып табылады. Ал бертін қалыптасқан 
атауларды «Бұланды» нұсқасында кездестіреміз. Оның себебі, Көне 
кезеңде «-ты» қосымшасы зат есімнен сын есім тудырушы жұрақтан гөрі 
таза топоним жасаушы жұрақ қызметіне ие болған. Сын есім тудырушы 
жұрнақ қызметін ол дәуірлерде «-lık, -lik» тұлғасы, кейін келе, «-lı,–li», 
қыпшақ дәуірінен бастап «-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті» тұлғалары атқарады. 
Бұдан байқайтынымыз, Көне түркі дәуірінде синтетикалық тәсіл арқылы 
топоним жасауда «-ты» формасы өнімді қызмет атқарған. Кейін, сын 
есім тудырушы жұрнақтардың түрлі нұсқалары қалыптасқаннан кейін, 
топоним жасаушы «-ты» жұрнағының қызметі сын есім тудырушы 
«-ды, -ді, -ты, -ті» тұлғаларына ауысса керек. М.1. Берел қорымы 
жан-жағын биік тау қоршаған жағын биік тау тегіс және шағын 


94
алқапта орналасқан. Бұқтырма өзенінің жағасы, оған құятын 
бұқтырма өзенінің жағасы, оған құятын Ақ Берел (Ақбұлқақ) Ақбұлқақ, 
Бұланты тау өзендерімен шектеседі [82,14б.]. М.2. Бұқтырманың оң 
жақ сағасынан басталатын тақтайдай тегіс адырдың үстінде, тау 
кіндігінен құлап аққан Бұланты өзенінің жағасында орын тепкен әйгілі 
Берел қорымына бардық [7,113б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет