Катон-Верстка-01. indd


Бөденелі, Екіаша, Қоснауа жайлауларына аталарымыз малдарын  айдап әкеліп, бағып, күзде әкетіп отырған [153]. БӨДЕНЕЛІ



Pdf көрінісі
бет66/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   305
Бөденелі, Екіаша, Қоснауа жайлауларына аталарымыз малдарын 
айдап әкеліп, бағып, күзде әкетіп отырған [153].
БӨДЕНЕЛІ – сай, Үлкеннарын а.о. Сайда бөдене деген құстың 
көп жүруіне байланысты қойылған атау. М.: Бөденелі деген сайдың 
атауы [153].
БӨКТЕР – ауыл, Жамбыл а.о. Төменгі жақта орналасқан жер атауы 
болғандықтан осылай аталса керек. Мұндағы «бөктер» сөзі – таудың, 
қия беттің етектен жоғарылау жері, бөксе тұсы [45,538б.]. М.: 
Бөрібай баукеспе Бөктерде тұратын. Бөктер деген ауылдың аты. 
Қалың теріс, ақбас шыңды Алтайдың аласарып, жадағай әрі жалаңаш 
төбелерге алмасар тұсындағы шағын мекен. Тар шатқалдың өңешінде 
отырған елу-алпыс үй. Ауылдың түстік қапталы шапшыма жартас, 
асу бермес асқар бел, терістік жағы бақасы бақылдаған ми батпақ 
[8,424б.].


89
БӨЛЕКТАС – ж.а., Үлкеннарын а.о. Бөлектеу, оңашаланып көрінетін 
тастары болғандықтан қойылған атау. М.: Жұлдыздың бер жағында 
Бөлектеу тұрған тас бар. Сол жерді Бөлектас деп атап кеткен[153].
БӨЛЕКТАУ – тау, Өрел а.о. Өзге таулардан оқшау, бөлек көрінетін 
тау болғандықтан солай аталған. М.: Көктастан кейін тұр. Басқа 
таулардан оқшау тұр [100].
БӨРТЕК – жота, Катонқарағай а.о. Аса биік төбелері болғандықтан 
қойылған атау. Бөртек – диалект. аса биік, тым аласа емес, шоқат 
төбелер деген мағынаны білдіреді[45,565б.]. М.: Жотаның үстінде үш 
бөртесі болғандықтан, Бөртек деп аталып кеткен [98].
БӨРТЕК –ж.а., Өрел а.о. Жердің ерекшелігіне байланысты қойылған 
атау. Бөртек – диалект. ойлы-қырлы, белес-белес деген мағынаны 
білдіреді [45, 565б.]. М.: Зират тұрған жота [131].
БӨРІК КЕТКЕН – жайлау тау, Алтынбел а.о. Таудың өте биік 
болуына байланысты атау болса керек. Бөрік ауыс. мағ. – таудың 
үстіңгі бөлігі [45,571б.]; [138].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет