Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет71/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

БҰРҚАНА СУЫ – ж.а., Өрел а.о. Кісі атына қатысты қойылған атау 
болуы мүмкін. М.: Ирек жолының үстін атайды
 [154].
БҰРҚАТ – асу. Катонқарағай мен Марқакөлді жалғастыратын бұл 
маңызды асуды теріскейінен он бір ирек жолмен асып, күнгейінде 
4-5 ирек жолмен түсу керек болады. Қазақ топонимиясындағы толық 
тұрпатты моңғол атауларының біріне Бұрқат топонимін жатқызуға 
болады. Бұрқат монғол тіліндегі өвөр «күнгей жақ» + хад «жартас, 
тікше тау» сөздерінің тіркесуі арқылы жасалған атау [81,93б. ]. М.: 
Иректің үсті
 [97].
БҰРҚАТ – көл, Өрел а.о. Бұрқат асуына жақын орналасқандықтан 
басты нысан атын иеленген[154]. М.: Ирек жолы бойындағы шағын 
көл[97].
БҰРҚАТ АСУЫ – асу, Қатонқарағай а.о. 1.-н.: Арқат, Бұрқат 
деген кісі аттарына байланысты делінсе, 2-н.: биік таудың күнгейі 
мен теріскейі деген мағынада жұмсалса керек. 
БҰРХАН – тау, Үлкеннарын а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау [140].
БҮЛДІРГЕНТӨБЕ – шабындық, Жамбыл а.о. Бүлдірген (зат есім) 
және төбе (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Яғни 
бүлдірген көп өсетін төбе, ерекше белгі ретінде танылып, кейін атаудың 
қалыптасуына негіз болған[120].
БҮРГЕНДІ – шабындық. Катонқарағай а.о. Ұсақ шыбын-шіркей, 
бүргені көп болғандықтан аталған. М.: Тау сілемдерінде орналасқан 
табиғи шабындық. Айналасында бұлақтар, Мойылды өзенінің оң 
жағалауы. Қыста мал тебіндетеді. Ауылдан көзге көрнекті тау 
басындағы жазық жер[99].
БҮРКІТ – ауыл, Катонқарағай а.о. Бүркіт тауының маңында 
орналасқан ауыл болғандықтан басты нысан Бүркіт тауының атын 
иеленген. М.:Тау атына сәйкестіндіріліп аталып кеткен[146].
БҮРКІТ – өзен, Катонқарағай а.о. Бүркіт тауынан шығып жатқан 
өзен болғандықтан, басты нысан Бүркіт тауының атын иеленген. Өзен 
тұсындағы тауда бүркіттің жиі кездесуіне байланысты қойылған атау. 
М.1. Әне, мұқым Топқайың ауылы (ертеректе Қуқарағай аталған) 


95
қарадомалақтыларының көк талды ат қып мініп, бозбалалыққа 
дайындалар алаңы іспеттес Бүркіт суының, Күлмес өзенінің аңғары; 
әне, жеті жасар Қалихан мен Айдарханның («Қоңыр күз еді») құбылаға 
бет бұрып, қанды қасапқа аттанып бара жатқан әке-ағаларын 
ботаай боздай қуалай барып топырақ қауып, зар еңіреп қалатын 
Қырғи мойнағы [40,105б.]. М.2. Бір жағаға сиыспай, Бүркіттің екі 
қапталына қақ жарылып қасарыса қалғанын қарашы! ... Әттең, өзеннің 
суын да қақ жарып бөлісе алмай отыр [169, 105 б.]. М.:Тау атына 
сәйкестіндіріліп аталып кеткен [146].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет