Катон-Верстка-01. indd


ЕКІАША – өзен, Өрел а.о. Екі ашаға ұқсас сайдан ағып өтетін өзен  атауы. М.:Екі аша сайынан ағып өтетін өзен [100]. ЕКІАША



Pdf көрінісі
бет79/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ЕКІАША – өзен, Өрел а.о. Екі ашаға ұқсас сайдан ағып өтетін өзен 
атауы. М.:Екі аша сайынан ағып өтетін өзен [100].
ЕКІАША – сай, Өрел а.о. Аша тәріздес таудың арасындағы сайдың 
атауы. М.: Екі аша тауының ішіндегі сай [100].
ЕКІАША – тау, Өрел а.о. Таудың келбеті ашаға ұқсас бейнеде 
болғандықтан қойылған атау. М.: Шақабай тауынан кейін 
орналасқан[100].
ЕКІНШІ БРИГАДА – қыстау, Солоновка а.о. Бригадаға қатысты 
қойылған атау. Кеңес кезіндегі «бригада» атауымен жасалған [123].
ЕКІНШІ ТАСШОҚЫ – ж.а., Катонқарағай а.о. Жотаның екінші 
ұшының көрініп тұруына байланысты қойылған атау болса керек. 
Мұндағы «шоқы» – төбенің, жотаның ең биік жері, ұшы [57, 389 
б.]; [130].
ЕКІНШІСАЙ – шабындық. Катонқарағай а.о. Қатарласа орналасқан 
сайларға ретімен қойылған атау. Бірінші сайдың шөбін шауып болған 
соң, екінші сайға, одан үшінші сайға ойысып отырған. М.: Екпе шөп 
егіледі, Жері кең, қарсы тауларды бөктерлеп қыстақ орналасқан[99].
ЕЛЮХИНА  қыстау, Новохайрузовка а.о. Басқа ұлт өкілінің атымен 
байланысты қойылған атау. М.: Адамның атымен аталған атау [144].
ЕЛЮШКИНА – қыстау, Солоновка а.о. Өзге ұлт өкілінің атымен 
байланысты қойылған атау. М.: Адам атымен аталған [123].


103
ЕМПІРТБАЗ – жазық, Катонқарағай а.о. Кеңес өкіметі кезінде 
Монғолиядан мал айдап әкелетін. Сол уақыттардағы малды иіріп, 
әр түрлі тиісті шаралардан өту үшін тоқтап, дамылдайтын орын. 
М.:Бұқтырмаға дейін көсілген бірқыдыру жазық. Сол жазықтың 
ортасында қираған сарайдың, мал қорларының қаңқалары байқалады. 
Қазақтың «Емпіртбаз» дегені осы[7,125б.].
ЕҢБЕК – ауыл, Өрел а.о. Кеңес кезеңімен байланысты 
қалыптасқан атау. М.: М.1. Бақытжан Мұқтарқанқызы Раисова 
1959 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет