Катон-Верстка-01. indd


ҚАРАҚУЫС – ж.а., Катонқарағай а.о. Таулы-тасты жердегі үңгір  ішіне көлеңке түсіп тұратын болғандықтан қуыстың қара түсі атауға  уәж болған



Pdf көрінісі
бет135/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   305
ҚАРАҚУЫС – ж.а., Катонқарағай а.о. Таулы-тасты жердегі үңгір 
ішіне көлеңке түсіп тұратын болғандықтан қуыстың қара түсі атауға 
уәж болған. «... өйткені, қиядағы Қарақуыста ордалы жылан да болған, 
оны менен басқа жұрттың бәрі көрген» [41,43б.]
ҚАРАҚЫСТАҚ – қыстау, Катонқарағай ауд. Байырғы, бұрынғы 
қыстақ деген мағынада қолданылады. М.: - Жезде балаңның аты кім? 
–Телжан ғой балдыз. Баяғыда біз Қарақыстақты қыстаған жылы өзің 
қалжа алып келмеп пе едің? Сондағы қызыл шақа емес пе? [11, 262б.].


156
ҚАРАЛАҚА – өзен, Катонқарағай а.о. Аталған өзендерге ат қоюда 
екі халық өкілдері де өзеннің физика-географиялық ерекшелігіне: бірі 
түр-түсіне, екіншісі өзеннің екпініне қатысты атауды уәж еткен. 1-н: 
Ақалқа, Қараалқа өзен атаулары болуы мүмкін, себебі топоним жасауда 
алқа сөзі де жиі қолданылады. М.: Бекалқа, Алқабек, Білезік, Алқа. М.: 
Аппақ су тауды құшақтап ағып жатса, ақ алқаға, қара болып ағып 
жатса қара алқаға (моншаққа) ұқсатуы әбден мүмкін [97].
2-н.: Жергілікті тұрғындар Ақлақ, Қаралақ болуы мүмкін дейді. 
Себебі Ақлақ кішкене көлден аппақ болып ағып шығып жатса, 
Қаралақ та кішкене көлден қара түске еніп шығып жатады. Өзеннің лақ 
домалататын шамасына қатысты қойылса керек. Себебі қазақы танымда 
Тайжүзген, Тайөткен деген атаулар судан аталған жылқы баласының 
еркін өте алатынынан хабар беріп тұр. Көшіп-қонып жүрген ел үшін, 
өткелдің қандай өткел екені де аса маңызды. Екеуінің суы да таза, 
мөлдір. М.: Бір шүмегі бізге қарай ағады, екінші шүмегі алтайлықтарға 
қарай ағады. Бүгінгі күнде екі өзен де Ресейге өтіп кеткен. Аршатыдан 
ары қарай 3-н.: Алтайлықтар тілінде өзен атаулары Ак-ала-кем- бело-
пестрая река. Слово кем/хем «река» искажено как – «ха». Так же Кара-
ала-кем «чистая, пестрая река». Здесь слово «кара» в значении «чистый», 
а не «черный» [102]; Аталған өзендерге ат қоюда екі халық өкілдері де 
өзеннің физика-географиялық ерекшелігіне: бірі түр-түсіне, екіншісі 
өзеннің екпініне қатысты атауды уәж еткен. М.: Ақалақа мен Қаралақа 
өзендері Жазотырда қосылып, Арғұт өзені болып, Қатын өзеніне құяды 
[125]. М.1. Шындығатай! Күнді жұрттан бірінші көреді екен. Күн осы 
жерде ұлы тауды тесіп шығады екен. Әр биіктің басына жамырап 
күн шапағы Қаралақа өзеніне қайта келіп құяды екен. Шындығатай 
жер биігі. Шындығатайға жеткенде төбең көкке жеткендей, көңілің 
көк тірегендей! Әлібек Төр Алтайдың үш босағасына үш түрлі мінез 
тауып берген. Мұзтау – тәкаппарлығы. Көккөл – мұңы мен көзінің 
жасы. Шындығатай – тіршілікке деген шапағаты [7,6б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет