Катон-Верстка-01. indd


ҚАРАЖЕР – жайлау, Белқарағай а.о. Қар тоқтамайтын, жатпайтын  жерлерге қойылатын атау. М.1:Мына біз келе жатқан жер «Қаражер»



Pdf көрінісі
бет133/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   305
ҚАРАЖЕР – жайлау, Белқарағай а.о. Қар тоқтамайтын, жатпайтын 
жерлерге қойылатын атау. М.1:Мына біз келе жатқан жер «Қаражер» 
деп аталады. Бұл – ежелден ырысты, бай өңір, деді – қасымдағы 
жолдасым атын тебіне түсіп, – Қаражер десе Қаражер, насыбайға 
салатын қар таба алмайтын кезің болады [25,153б.]. М.2: Біз 
Қаражердегі шілікке салған картошка алқабына жеткенде күн түске 


154
айналған. Бағанағы шайдай ашық аспанды қара-құрым бұлт торлап, 
әп-сәтте күннің көзі көрінбей қалды[21, 86 б.]. М.3:Қысы-жазы қар 
болмайтындықтан қойылған атау [135].
ҚАРАЖЕР ЖАЗЫҒЫ – жазық, Өрел а.о. Қар болмайтын жазық 
жерге қойылған атау. М.: Шыңғыстайдан бері шыққанда, Еңбек ауылына 
кіре берістегі жазықты атаған. Басқа жерде қар қалың болғанда, бұл 
жер қыста қар тоқтатпайды. Әбдікерім деген жұрт отырған бұл 
жерде. Өте құнарлы жер [154].
ҚАРАЖЫРЫҚ – телім, Аққайнар а.о. Шалғай жерде орналасуына 
байланысты қойылған атау болса керек. Жердің географиялық 
ерекшелігіне, яғни жырыққа ұқсас пішіміне қатысты, ал қара сөзі 
бұл жерде ата қоныс, өз жұртым, киелі жерім мағынасында тұруы 
мүмкін. М.2: Өлкетанушы Г.А. Щербик Бұқтырма мен Нарын 
өзендерінің бойында тұрып жатқан наймандардың көш жолының 
сонау есте жоқ ерте замандардан бертінге дейін жүздеген жылдар 
бойына сақталып келгенін айта келіп, мынадай мысал келтіреді: XIX 
ғасырдағы Шыңғыстай болысына қарасты Әбдіразақ Ережеповтің 
қыс қыстауы – Бұқтырманың сол жағындағы Қараөткел телімінде. 
Ережепов қыстаудан жыл сайын маусымның басында қозғалған. 
Алдымен Бұқтырмадан өтіп, «Шыбарағашқа» жетіп тоқтаған, бұл 
– қыстаудан 15 шақырымдай жерде. Онда 15 күн отырып, екінші 
жұртқа көшкен. Онда он күндей отырып, осы арадан 12 шақырым 
жердегі «Қаражырық» теліміне барып қонған. Осы Қаражырықта 
да 10-12 күн отырған. Төртінші аялдама – Марал көлінің жанындағы 
«Жалқарағайды» жайлаған, бұл - 25 шақырымдай жерде. Тамыз 
айында қайтадан дәл осы жолмен, дәл осы ретпен қыстауға бет 
алған. «Орта шүмекте» 10-12 күн отырған. «Қаражырықта» 3 апта 
болып, қыркүйектің аяғында қыстауға оралып отырған [6,41б.].
ҚАРАКЕЗЕҢ – ж.а., Өрел а.о. Кезеңде қарабұта көп өсетіндіктен 
қойылған атау. М.: Тасдіңгектен кейін орналасқан. Қара бұта көп 
өседі [100]. М.:ә. Жердің ыңғайына байланысты қойылған атау [118].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет