Катон-Верстка-01. indd


ҚАРАҒАЙ – тау, Өрел а.о. Тау бөктерінде қарағай жиі кездесетін  болғандықтан қойылған атау. М.: Қарағайға толы биік тау [119]. ҚАРАҒАЙ БАСЫ



Pdf көрінісі
бет131/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   305
ҚАРАҒАЙ – тау, Өрел а.о. Тау бөктерінде қарағай жиі кездесетін 
болғандықтан қойылған атау. М.: Қарағайға толы биік тау [119].
ҚАРАҒАЙ БАСЫ – ж.а., Өрел а.о. Қарағайдың орналасуына 
байланысты қойылған атау. М.1: Бұқтырма өзені осы жерден екіге: 
оңға, солға бөлінеді [100]. М.2: Ағаштардың орналасуына байланысты 
қойылған атау [118].
ҚАРАҒАЙЛЫ – тау, Катонқарағай а.о. Қарағай көп болғандықтан 
қойылған атау. М.1: «Қарағайлының» төбесі де көрініп қалған екен. 
«Қарағайлы» көрінсе жолдың да қысқарғаны [171, 44б. ]. М.2: Сырттан 
келген дейсің, ә?.. Сонда қай жерден келдің? – Қарағайлыдан. --йбуй, 
құлыным-ай!  деді ол.  Ол жерде талай болдым ғой мен [11,107б.]. 
М.3: Күн ұясына қонысымен Қарағайлыны лезде қараңғылық жайлап 
алатыны бар. Жалғыз үйді жан-жақтан қоршаған орман жақ қазір 
де әп-сәтте түнере қалған. Күндіз үй іргесінде жай ғана сарқырап 
ағатын Аққаба да енді барынша күркіреп, шулап жатыр [11,184б.]. 
ҚАРАДАЛА – ж.а., Өрел а.о. Қарадала деп, көбінесе, қар тұрмайтын, 
аңызақ желі соғып тұратын жерді атайды. Жердің ерекшелігіне 
байланысты қойылған атау. М.1: Қарадалаға күнбағыс егіп, бұл елде 
бұрын болмаған жаңа ырым бастамақ [19,295б.]. М.2: Қарадалаға 
кеткен. Содан бері жоқ, өзіміз де алаң болып отырмыз, – деді үй-іші. 
Кеңседегі есеп-шотшы жігіттерден сұрап едім: – Қырманға мотор 
жөндеуге жіберіп едік, содан көргеніміз жоқ, – десті [25, 60б.]. М.3: 
Сол Құмекең ана бір жылы судың арғы жағалауындағы Қарадаладағы 
қырманға күзетші болып орналасыпты [21,96 б.]. М.4: Шорнауаның 
арғы жағы, Қара жерге қарама-қарсы жер [154]. 


153


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет