Катон-Верстка-01. indd


ҚАРААДЫР – төбе, Өрел а.о. Қарайып көрінетін дөңес жер  болғандықтан қойылған атау. М.1: Білген жанға, басы сонау  Қарадырдан



Pdf көрінісі
бет132/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚАРААДЫР – төбе, Өрел а.о. Қарайып көрінетін дөңес жер 
болғандықтан қойылған атау. М.1: Білген жанға, басы сонау 
Қарадырдан басталып, қарағайлардың арасымен ирелеңдей қашқан 
күйі Бұқтырманың жағасына құлдилап құлап, одан әрі ана-ау 
Таңба тауының қарауытқан қойнауына жеткенде, құйрығы қылдай 
жіңішкеріп үзілетін осы ұзақ жолды жол еткен кім? [11,195 б.]. М.2: 
Берелге шығып бара жатқан жолдың оң жағында [109].
ҚАРАДЫРДЫҢ ҚУЫСЫ – шабындық, Өрел а.о. Қараадыр деген 
жердің ерекшелігіне байланысты қойылған атау. М.: Қарадырдың 
төменгі жағында жалғызаяқ жол бар. Сондықтан Қарадырдың қуысы 
аталуы мүмкін [109]. 
ҚАРАЖАЛ – тау, Солоновка а.о. Жалға ұқсас болып көрінетіндіктен 
қойылған атау. М.: Құйғытып Қаражалда құйындадым, Шуылдақ 
шуылынан күй ұрладым [29, 84б.]
ҚАРАЖАЛ – ауыл, Ново-Поляковка а.о. Жылқының қылы, жалына 
ұқсас болып келетін болғандықтан қойылған атау болса керек. М.1: 
Бұрындары Огнева деп аталып келді. А.Г. Огнев Ұлы Отан соғысының 
батыры болған. Осы ауылдың дамуына орасан зор еңбегі сіңген. Қазір 
Қаражал деп аталады. Қазір бұл жерде 30-шақты ғана үй қалды 
[129]. М.2: Қаражал ауылы да осы өңірде болған. Бұл жерді Огеново 
деп атаған [153].
ҚАРАЖЕР – ж.а., Қатонқарағай а.о. Қысы-жазы қар 
болмайтындықтан қойылған атау. М.1: Әлі есімде, 1960 жылы 
Катонқарағай ауданында, Шыңғыстай мен Еңбектің дәл ортасындағы 
Қаражер аталатын телімде өңірдің сабантойы өткен» [41,364б.]. 
М.2: Қаражерге қол жинап қалмақтарды өз жасағымен осы асумен 
түре қуып, Шаған-Дабадан әрі асырып тастаған [35,127б.]. М.3: 
Алтайдан Бұқтырмаға құламай ма, Аужайын Қаражердің сұрамай 
ма? Өзгеше болып шықса, желдің күші, Өзі де табиғаттың шыдамай 
ма? [80, 9б.]. М.4: Ауылдың шығыс жағындағы жазық. Бұл жерде 
қысы-жазы бір қар жатпайды. Малға жайлы. Жанында Бұқтырма 
өзені ағып жатыр [114].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет