Катон-Верстка-01. indd


ҚАРАМОЙЫЛ – ж.а., Катонқарағай а.о. Мойыл өте көп өскендіктен  солай аталған. М.: Ақтастан ары қарай орналасқан [132]. ҚАРАМОЙЫЛ



Pdf көрінісі
бет136/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚАРАМОЙЫЛ – ж.а., Катонқарағай а.о. Мойыл өте көп өскендіктен 
солай аталған. М.: Ақтастан ары қарай орналасқан [132].
ҚАРАМОЙЫЛ – ж.а., Өрел а.о. Мойыл өте көп өскендіктен солай 
аталған. М.: Сарышоқыдан өткен тұста. Ол жерде мойыл өте көп 
өскендіктен солай аталып кеткен[117]. 
ҚАРАМОЙЫЛ – өзен, Солдатова а.о. Өзен маңында мойылдың көп 
өсуіне байланысты аталған болса керек. М.: Мойылы үлкен, Таловкаға 
қосылады. [128].


157
ҚАРАМОЛАҚ – өзен, Үлкеннарын а.о. Молақ сөзі (Қарағай басын 
кессе, молақ екен, Бұл дүние ойлап тұрсаң, шолақ екен. халық өлеңі), 
көбінесе, шолақ, қысқа мағынасында қолданылады. Бұл жерде өзеннің 
қысқа болуы атауға уәж болған. М.: Қарасу мен Бөртегім, Сауыры-ақ 
едің өлкенің. Қарамолақ, Қараөткел, Қатар жатқан төртеуің. [41, 
57б.]; [123].
ҚАРАҢҒЫТЕРІС – ж.а., Қатонқарағай а.о. Ағаш қалың 
болғандықтан, арасына күн түсе қоймайды, сондықтан Қараңғытеріс 
аталған. М.: Қалың ағаш өскен. Өте қараңғы жер. Қазір ағаш сиреп 
қалды [148].
ҚАРАҢҒЫСАЙ – сай, Өрел а.о. Сай терең болса, күнге таласқан 
ағаштар бойлай өсіп, сай түбіне күн түсірмейді, осы ерекшелігі 
атауға уәж болған. М.1: Жалпақ Жазатырдың киыр төріндегі 
Қараңғысайды табу, ол жердегі Қараманның қараша үйінің үстінен 
дөп түсу жол білетін жолаушыға да оңайға соқпайтын [10, 89б.]. 
М.2: Жалпақ Жазатырдың қиыр төріндегі Қараңғысайды табу, ол 
жердегі Қараманның қараша үйінің үстінен дөп түсу  жол білетін 
жолаушыға да оңайға соқпайтын [9,199б.]. М.3: Қас қарая Қанайды 
артына мінгестіріп, аңшы аяңдап Қараңғысайдағы үйіне қайтты 
[10,125 б.]. М.4: Қараңғысайдың етек тұсында терек өскен күнгей 
беттің барын бұрыннан байқап жүрушы еді. Оқтаудай түзу аппақ 
теректерді көргенде, «сырғауылға жақсы екен» деп, іштей тамсанып 
қоятын [10,113 б.].
ҚАРАӨЗЕК – жайлау, Солоновка а.о. Өзекте өсетін шөп түсіне 
қатысты қойылуы мүмкін. М.: Ертеректе қойларды әрдайым 
Қараөзекте бағатын. Жайлау деп түсінемін [141].
ҚАРАӨЗЕК – қыстау, Маланарым а.о. Қараөзек маңында 
орналасқан қыстау негізгі нысанның атын иеленген. М.: үшке бөлінеді: 
Жоғарғықуыс, Ортаңғы қуыс және төменгіқуыс [123].
ЖОҒАРҒЫҚУЫС – Қатар келетін нысандарға айырым белгі 
ретінде «жоғары», «ортаңғы», «төменгі» деп ат қою топоним 
жасауда бар тәсілдердің бірі. Бұл нысан басқа екі нысанға 
(Ортаңғықуыс, Төменгіқуыс) қарағанда жоғары бөлікте тұрғанын 
білдіреді[123].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет