155
жақсы пісетін жер болғандықтан қойылған атау болса керек.
М.: Төменгі
жағы ыстық болғандықтан, Қаракемел аталған [115].
ҚАРАКӨЛ – көл, Өрел а.о. Суы терең, әрі мөлдір көл мағынасында
қолданылған.
М.1: «Тарбағатай, Шабанбай, Айырылдым елден баға
алмай. Елге сусын Қаракөл, Аймалаушы едім анамдай» [41,57б.].
М.2:
Қаракөл (Язевое) – Бұқтырманың жоғарғы басындағы көл. Көлемі
– 1,59 шаршы шақырым. ең үлкен көлдер [76,67 б.].
М.: Қуағаштан
кейін орналасқан. Суы терең, әрі тұнық [100].
М.3. Қаракөлден арғы
жол тіпті қиындап кеткен. Қаракөлде ежелден пилорама бар екен,
кеңес заманында Язевка мен осы пилораманың екі арасында «маздар»
мен «краздар» ағаш тасып, арлы-берлі жөңкіліп жатыпты [7,13б.].
М.: Өлі көл, балық өспейді. Ұзындығы 200-300 метр өте терең [128] .
ҚАРАКӨЛ – көл, Белқарағай а.о. Суы терең, қара түсті көл. Қара
– сын есім.
М.: Күлмес деген суға құяды [134].
ҚАРАКҮҢГЕЙ – жайлау, Үлкеннарын а.о. Жаздың ортасына
қарай аңызақ ыстықтан өсімдіктер күйіп, жердің беті қарайып кететін
болғандықтан аталған.
М.1: Қылтадан қар жауып, шана жолы түскен
соң жаңадан келген орманшы жігіт Қаракүнгей жақтан делән бөлген
[8,472 б.].
М.: Қаракүнгей Сұлушоқының бер жақ беті. Ерте көктемде
мал жайылатын жер. Күн қатты қызғанда сол жер қарайып кетеді.
Малшылар ерте көктемде малды жайып үлгеруге тырысатын [153].
ҚАРАҚАБАҚ – қия, Өрел а.о., Жардың үстіңгі жақ қия беті деген
мағынада қойылған атау.
М.1: Бұдан соң машина Бұқтырманың
жарлауыт жағасын қуалап отырып Қарақабақтың қиясына
көтерілгенше ешкім тіс жарып, тіл қатқан жоқ[11,198б.].
М.2:
Қарақабақтың қиясын қиғаштай қиып өтетін қазған жолда таутөбе
қарлы ышқына итеріп бара жатқан бульдозерлері кенет күрк-күрк
жөтеліп барып, үні кілт өшті де тынды [11,198б.].
ҚАРАҚОЖА – Тұғырық тауының бір беткейі, Алтынбел а.о.
Антропотопоним.
М.:Шоғыр тастар болғандықтан, Қарақожа деп
аталып кеткен [137].
Достарыңызбен бөлісу: