169
моңғолға ортақ көне жұрнақ
-қай/-кей (М.: теріс-кей, күн-гей, оң-қай
т.б.) [38;118]. Сонда
Гонхай>Қоңқай «жеке тұрған, оқшау» деген мағына
береді. Катонқарағай ауданында кездесетін
Қоңқай, Балақоңқай,
Үлкенқоңқай,
Қоңқайбаз тауларының бәрі де жалпы тау жүйесінен
бөлініп қалған, жеке тұрған таулар болып табылады» [16,106 б.].
М.1:
Қоңқай деген жер бар. Ол жерде мал сойылып отырған[153]. туған.
Ұлттық парк қызметкері]. М.: Большенaрым селосынан 15 шақырымдай
жерде Қоңқай баз деген жер бар. Оның жанында Қоңқай тауы мен өзені
(бұл Күлмес өзеніне құяды, ол Бұқтырмаға құяды ) жатыр. Оны кейбір
құжаттар Қоңқай баш деп көрсетеді. Бұл топонимдегі екінші компонент
баш түрік тілінің элементі болуы мүмкін), ал Қоңкай сөзi монгол
тіліндегі гон – бір, жалғыз мәнінде), хай ауыл мәнінде сөздер болуы
ықтимал. Сонымен қорыта келгенде, Қоңқай бір, жалғыз ауыл, иен
жатқан жеке ел деген мағынада алынады ма деп ойлауға болады. Бұл
географиялық термин - тау мен өзен аты. Осы өзен бойында немесе тау
бөктерінде бір ғана ауыл отыруы да мүмкін. Бұл сөздің этимологиясы
туралы Н. И. Баяндин былай дейді : «По народным преданиям название
горы Конхай связаны с именем легендарного калмыцкого богатыря
Конкай , выдержавшего натиск казахов. Наконец он был взят в плен
казахским батырами, а гору стали назвать его именем в знак упорства
героя» [3,76б.].
Достарыңызбен бөлісу: