191
тұжырымдайды: «Маңырақ - тау қырының аты. Сауыр тауының
батыс жалғасы. Қазақша «маңырақ» формасы – көне түрікше
йаңрақ сөзінің фонетикалык жағынан ауытқыған түрі, яғни, «тау
қойнауы, қолтық мәніндегі атау» [187,109б
. ]. Маңырақ жайлауы аудан
аумағына кірмейді [196];[146].
М.1: Негізгі мал отарлары Маңырақ пен
Құстының төр жайлауына бет алғанда Ойсыл қара мен Зеңгі баба
табындары, содан соң кежегесінен кейін тартқан бес-алты бойкүйез
қойшы Шорғадағы қыстауларынан еріне көшіп, Еспе бойында қаз-
қатар қалып қоятын [2, 400б.].
М.2: Қаратай атаның ұрпақтары
Тарбағатай тауының Шығыс сілеміндегі Маңырақ маңындағы
Қаракерей ағайындарына келіп паналайды[25,184б.].
МАРАЛ – көл, Аққайнар а.о. Зооним. Марал, бұғы атауымен
байланысты топонимдік атаулар бұл өңірде өте көп кездеседі. Осы
маңда маралдар көп мекендеген. Сол себепті қалыптасқан атау. Марал
зат. 1. Аша тұяқтылар тобына жататын сүтқоректі ірі аң; бұғының
ұрғашысы[53,752 б.].
М.: Діңгек жайлауының қасында орналасқан
[152]. М2.:
Ақсудың жағасында үш күн демалып, мұндағы ағайынның
құрметіне рақметімізді айтып, енді Марал көліне қарай салт аттармен
сапар шегіп бара жатырмыз[9,96 б.].
Осы Марал көлін, Бәйгекезең мен
Көкжотаны, Науа аңғарын Шыңғыстай жұрты жайлаған. Қоңыр
күз келіп, ел жайлаудан қайтқан шақта, Өскелеңнің асуына шыға бере
кемпір кешек көшті тоқтатады екен. Әдетте, Өскелеңнің белесінен
етекте кең көсілген Түйіскеннің дарасы, айнадай жарқыраған Марал
көлі соңғы рет көрініс береді. Өскелеңнен арғысы етекке бастайтын
құдима еңіс. Шыңғыстайдың кемпірлері осы арада қолдарын жайып,
Марал көліне мінәжат етеді екен деседі[9,96 б.].
МАРАЛ – тау, Ақсу а.о. ороним. Маралдардың көп мекендеуіне
байланысты қойылған атау, маралдың осы өңірде көп болғандығын
айғақтайды. Маралдардың жазда тау құздарын мекендейтіні белгілі
[112]. М.:
Маралдай тауды аңсап тұра алмайсың, Биікке жетелейді
асыл арман... [42,97б.].
Достарыңызбен бөлісу: