225
тәсіл арқылы бірігу жолымен жасалған.
М.: Қамыс басқан жер, алыстан
сары болып көрінеді [139].
САРЫҚАРАҒАЙ – ж.а., Өрел а.о. «Сары» және «қарағай» сөздерінің
бірігуі арқылы жасалған. Атаудың қалыптасуына қарағай өсімдігінің
«сарықарағай» деген түрі негіз болған. Әлемде қарағайдың жүзден астам
түрі бар. Соның біршама түрі Алтай өңірінде өседі.
М.1.: Ағаштардың
орналасуына байланысты қойылған атау[118].
М.2: Қарағай өте
көп, бірақ басқа өңірлерден қарағанда осы жердегі қарағай ерте
сарғаяды[100].
САРЫҚОРА – ж.а., Катонқарағай а.о. Атау сары (сын есім) және қора
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың құрамындағы
«қабырғалары ағаш, қамыс не саманнан қаланып, төбесі жабылған, мал
қамауға арналған орын, жай» [52, 67б.] деген мағына беретін «қора» сөзі
түс атауын білдіретін «сары» сөзімен бірігіп, жердің сыртқы сипатынан
ақпарат береді. Яғни реңі сарғыш тартқан жерде орналасқан қора
топонимикалық атаудың қалыптасуына негіз болған.
М.: Терісбұлақ
маңайында орналасқан[
Достарыңызбен бөлісу: